ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ИВАН ШУХОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 115 ЖЫЛ

20:44, 4 тамыз 2021

Көрнекті жазушы, аудармашы, журналист  Иван  Шуховтың туғанына биыл 115 жыл.  С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада жазушыны еске алу құрметіне арналған «Влюбленный в бескрайнюю степь» атты  әдеби кеш өтті. Іс-шара барысында қаламгердің көзін көргендер естеліктерімен бөлісіп, «Закулисья» театрының жас әртістері шығармаларынан үзінділер оқыды.

Иван Шухов 1906 жылы СҚО, Пресновка ауылында дүниеге келген. Ол саналы ғұмырының 50 жылын әдебиетке арнаған. Оның алғашқы «Горькая линия», « Поединок» романдары 1920-шы жылдары жазылған. 1935 жылдары жазушының «Өшпенділік» шығармасы желісінде көркем фильм де түсірілген. Оның туындыларында көбіне  әлеуметтік, саяси мәселелер басым. Ол қазақтың көрнекті жазушылары М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсіреповтың туындыларын орыс тіліне аударған. Жазушыны еске алу құрметіне арналған кеште  Екатерина Ильина педагогикалық институтта оқып жүрген кезде жазушымен танысып, тілдескен сәттерімен бөлісті.

ЕКАТЕРИНА ИЛЬИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

- «Мен педучилищеде оқыдым. Бұл білім ордасынад Иван Петрович те білім алған еді. Студенттік кезде училищеде жазушымен кездесулер ұйымдастырылып тұратын. Мен сол кездесулердің бірінде ол кісімен танысып, әңгімелестім. Кейін мен оқу бітірген соң  сол жерге жұмысқа тұрдым. Сонда оның қызы Натальямен бірге жұмыс істедім.

Іс- шарада жазушының туындыларынан кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Көрмеге «Өшпенділік», «Отан», «Өмір мектебі», романдары және басқа да шығармалары қойылған. Режиссер Надежда Рудикова  қаламгердің шығармалары негізінде қойылымды сахналапты   .

НАДЕЖДА РУДИКОВА,«РУССКАЯ ОБЩИНА» ҚБ БАСПАСӨЗ -ХАТШЫСЫ:

- «Мен Иван Шуховты бала күнімнен көріп өстім. Мен Преснов халық театрында режиссер болып қызмет атқардым. Маған  жерлес жазушыларымыздың шығармаларының желісі негізінде қойылымдар қою ұнайтын. Шуховтың «Пресновские страницы» «Карусель», «Дым отечество» шығармаларын  сахналадық.  Спектакльдер 5 актіге дейін жалғасатын. Жыл сайын жазушының  шығармалары негізінде қойылымдар қоятынбыз.»

«Влюбленный в бескрайнюю степь» тақырыбында өткен әдеби кеште «Закулисья» театрының жас өнерпаздары мен іс-шараға қатысушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқыды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
13:06, 27 қазан 2021
ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
Толығырақ...
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
17:21, 26 қазан 2021
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...