ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ИВАН ШУХОВТЫҢ ЖЕКЕ ЗАТТАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ

17:13, 24 тамыз 2021

Биыл жазушы Иван Шуховтың туғанына 115 жыл. Осы датаға орай облыс аумағында жазушының құрметіне түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мысалы, бүгін Абылай Хан резиденциясында көрме ашылды. Оған қаламгердің жеке заттары,  кітаптары қойылған.  

Иван Шухов 1906 жылы СҚО, Пресновка елді мекенінде дүниеге келген. Көрнекті жазушының алғашқы «Горькая линия», « Поединок» романдары 1920-шы жылдары жазылған. 1935 жылдары оның «Өшпенділік» шығармасы желісі бойынша көркем фильм де түсірілген. Иван Шуховтың туындыларында көбіне  әлеуметтік, саяси мәселелер басым. Ол қазақтың жазушылары М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсіреповтың туындыларын орыс тіліне аударған.  Абылайхан резиденциясында ашылған көрмеге Иван Шухов музей-үйінен жазушының жеке заттары, көзілдірігі, портфелі, баспа машинасы, қолжазба күнделіктері, сирек кездесетін және алғашқы басылымдағы кітаптары  мен отбасылық мұрағатынан алынған марапаттары мен фотосуреттері сияқты жәдігерлер қойылды. Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары бір апта бойы тамашалай алады.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ,  «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ:

Бүгін Абылай Хан резеденциясында жазушы, жерлесіміз Иван Шуховтың 115 жылдығына арналған мәдени шара болып жатыр. Иван Шуховтың есімі Солтүстік Қазақстан тұрғындарына жақсы таныс.  Иван Шуховтың жазған еңбектері біздің елдің, біздің жердің ауқымында қазақстан мен казактардың қарым-қатынасы жайында жақсы дүниелер жазған. Соның ішінде «Қасірет белдеуі» деген романы бар, ол аударылған қазақ тіліне , «Преснов әңгімелері» деген жинағы жарық көрді. Иван Шухов өте талантты, дарынды жазушы болған. Оның шығармалары 1937 жылға дейін киноға түсірілген.  

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
13:06, 27 қазан 2021
ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
Толығырақ...
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
17:21, 26 қазан 2021
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...