ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ

13:01, 25 қыркүйек 2020

Биыл Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл.  Айтулы датаға орай, «Ұрпақ» этномәдени орталығы  «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын құрды.  Негізгі мақсаттары елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне қазақ ұлтының дәстүрлерін, мәдениетін насихаттау. Осы жолы «Достық» үйіне жиналғандар, қазақтың зияткерлік ойыны – «Тоғызқұмалақтан» өзара жарысты.

10 жастағы Ислам Дунаев бүгінгі сайыстың ең жас қатысушысы.   Шахмат, нарды ойындарын жақсы меңгерген ол ендігі кезекте қазақтың тоғызқұмалағын үйренуге  ниетті. 

ИСЛАМ ДУНАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

 - Тоғызқұмалақты үйренгім келеді. Бұл шахмат пен нарды сияқты логикалық, математикалық қабілетті дамытатын ойын.  Тез үйреніп кетемін деп ойлаймын.  Әдетте ересектерді жеңіп шығамын. Енді тоғыз құмалақтан да жеңімпаз атанам деймін. 

Бүгінгі сайыстың ерекшелігі, тоғызқұмалақ ойнап, өзара жарысқа түсіп жатқандардың барлығы өзге ұлт өкілдері. Ең жасы 10 жаста болса, ең үлкен қатысушының жасы 60-тан асады. Осылайша облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұрпақ» этномәдени орталығы  «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында өзге ұлт өкілдері арасында салт-дәстүрді, ойынды насихаттауды көздеп отыр. 

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «URPAQ» ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған институт биыл өзінің 25 жылдығын атап өтуде.  Осындай шаралар  халықтың ауызбіршілігін, ұлтаралық келісімді нығайтып, әр ұлттың дәстүрлері, спорт ойындары насихатталады. Қатысушылар уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізіп, сйылықтарға да ие болды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 23 қазан 2020
ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:41, 21 қазан 2020
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...