\
Петропавлдағы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, жерлес ақын Кәкімбек Салықовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Қара өлеңнің жезкиігі» атты поэзиялық кеш өтті.
Кәкімбек Салықов Шал ақын ауданы , Еңбек ауылының тумасы. «Дала», «Қырандар», «Тәттімбет», «Домбыра», «Кенесарының соңғы сөзі» сынды көптеген поэмалар мен «Ойтолғақ», «Сырғалы сонеттер», «Күзгі шуақ» секілді кітаптардың авторы. Сондай-ақ өзбек, моңғол, орыс ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Іс-шараның мақсаты жас оқырмандарды Кәкімбек Салықовтың шығармашылығымен таныстыру.
ӘЛИ ӘЛІПҰЛЫ, КӘКІМБЕК САЛЫҚОВТЫҢ КҮЙЕУ БАЛАСЫ:
- Бүгін Кәкімбек Салықовтың 90 – жылдық мерейтойы. Бұл Солтүстік Қазақстан тұрғындары үшін атаулы күн. Ол кісі біздің мақтанышымыз. Ол ақын ғана емес тау-кен саласында табысты еңбек еткен азамат. Ал оның өлеңдері жүректі тебіреңтіп, із дүниесін қозғалтады. Оқырмандар Кәкімбек Салықовтың туындыларын әлі күнге дейін сүйіп оқиды.