ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК Толығырақ

КӨРЕРМЕНСІЗ – САХНА ТҰЛ

17:19, 22 ақпан 2021

С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры 1 жылға жуық онлайн режимде жұмыс істеп келеді. Қиын кезеңге қарамастан  көрермендерін жаңа жобалармен қуантқысы келетін өнер ұжымы еңбектенуден шаршаған емес. Деседе актерлар баяғыдай лық толы залда көрерменімен қауышуды аңсаған. Тілшілеріміз театр өкілдерімен тілдесіп, алдағы жоспарларын білді.

Былтыр наурыз айында басталған індет көптеген салаға әсер етіп, жұмысты жаңаша құруға мәжбүрледі. Әсіресе бұл жағдай мәдениет саласына қиын тиді. Театрлар көрермендерінен айырылып, баяғы лық толып тұратын залдар босап қалды.  Бірақ өнер адамдары мұның сақтық үшін қажеттігін жақсы түсінеді. Сондықтан облыстық С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры қашықтан болса да дайындықтарын үзбей, онлайн режимде көрермендерін қуантып келеді.

ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Театр өз жұмысын тоқтатқанмен де, театрдың ішкі жұмысы жүріп жатыр. Өйткені актер көрерменсіз актер емес. Сондықтан актерлар қазір өзіндік жұмыс істеп жатыр. Театр жанашырларына, көрермендерімізді жоғалпау мақсатында арнайы сұхбаттар жүргізіп жатырмыз.

Актерлік құрам былай тұрсын, гримм жасайтын мамандар да қара шаңырақта жұмыстарын жалғастыруда.

ОРЫСША АЙТА БЕРСІН, ҚЫСҚА ҒАНА:

- Мен бұл актрисамызды жақында қойылымы болған «Толық адам» спектакліне дайындап жатырмын. Ондағы кейпкеріміздің шашының, костюмінің түсі және макияжы жарқын түсті. Сондықтан талапқа сай дайындалып жатырмыз. Аталған спектакльді жаттығу ретінде тағы бір қоймақшымыз.

Көрермен залы бос. Бірақ сахна шымылдығы әрдайым түрулі. Бұл жолы актерлер Антон Чеховтың «Актерский гибель» әңгімесіне негізделген қойылымға дайындалып жатыр.

ДУМАН ӘДІКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРЫ:

Антон Чеховтың «Актерский гибель» деген әңгімесі. 6 беттік шығарма. Содан құрастырып жақсы бір дүние шығады деген үміттеміз. Өзіндік жұмыс болғандықтан өздері  ниет білдіріп қатысамын деген актерлармен жұмыс істеп жатырмыз. «Sensative» би ансаблінен бірнеше қыздарды, театр оскестрінен скрипкашыны алып жобаны жетілдіріп жатырмыз.

Ал театрдың тігін цехындағы шаруа жыл он екі ай тоқтамайды. Қазір мұндағы тігіншілер қойылым кезінде жыртылған немесе сөгілген киімдерді қалыпқа келтіріп жатыр.

- Біз суретшілермен жұмыс істейміз. Бірігіп әр спектакльге арнайы киімдер тігеміз. Мұнау соңғы қойылымының бас кейіпкеріне тігілген киім.

Театр ұжымы қазіргі жағдайға бейімделіп, түрлі жобаларды қолға алған. Соның бірі - «Катарсис» мәдени-танымдық сұхбаты.

НҰРИСЛАМ ӘБДІЛ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- «Катарсис» деген сөзінің өзі тазару деген мағына береді. Бір сөзбен айтқанда рухани тазару деген сөз. Жалпы біздің актерларымыз қазір көрерменмен қауыша алмай, шарасыз кейде жүргенін көріп жүрміз. Сондықтан көрермен мен актерлардың арасын жақындату мақсатында осы мәдени сұхбатты ұйымдастырып жатырмыз.

Сұхбат әлеуметтік желіде тікелей эфирде өткендіктен өнер сүйер қауым өздерін қызықтырған сұрақтарын да қоя алады. Жалпы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры республикалық үздік театрлардың бестігіне кіреді. Осы бір дәрежені сақтап қалу үшін театр басшылығы қолдан келгенді жасауда. Дегенмен маман жетіспеушілігі сынды проблемалар қол байлау болып отыр.

 БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бізге жас мамандар келеді, бірақ екі-үш жылдың ішінде үй мәселесіне байланысты кетіп қалып жатады. Біздің театрдың, мәдениет басқармасының қолынан келетіні келген жастарға жалақысан тыс қосымша үстемақы төлеп, барынша қолдауға тырысамыз. Бірақ бұл шешім емес. Сондықтан мәдениет саласының қызметкерлеріне весмстволық үй салынса біраз мәселені шешер еді. 

Соңғы жылдары мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы көбейіп жатыр. Бірақ баспана мәселесін шешпей театрға жас маман тарту қиынға соқпақ. Айта кеткен жөн биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай С.Мұқанов атындағы қазық сазды-драма театры көрермендеріне арнайы қойылымдар мен түрлі мәдени шаралар дайындап жатыр.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚОС БАТЫРДЫҢ БІРІ – ҚҰЛЕКЕ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
17:24, 24 ақпан 2021
«ҚОС БАТЫРДЫҢ БІРІ – ҚҰЛЕКЕ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ
17:15, 19 ақпан 2021
ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:42, 18 ақпан 2021
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...