ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН Толығырақ

«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ

20:54, 9 маусым 2021

Облыста көпке танымал «Қуанамын» халықтық би студиясының құрылғанына биыл 34 жыл. Алғашында би үйрімесі болған ұжым, қазіргі кезде облысқа ғана емес, елімізге де танымал. Олар бірнеше республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы.  Мың бұралған бишілердің алған асулары аз емес, Жоспарлары да жақсы. Ал дәл қазір олар кезекті есептік концерттеріне дайындалып жатыр.

Би өнері-балаларды тәрбиелеу мен дамытудың тамаша құралы. Ол рухани әлемді жалпылайды, баланың жеке тұлға ретінде ашылуына көмектеседі. Қозғалыс, музыка және ойынның органикалық үйлесімі жағымды эмоциялар атмосферасын тудырады.

«Қуанамын» халық би студиясына 34 жыл. Ұжым алғашында мәдениет үйінде кішігірім әуесқой үйірме ретінде құрылған. Алайда, уақыт өте олар үлкен ұжым болып, бүгінде биік белестерді бағындырып отыр.  Табандылығы мен еңбексүйгіштіктіәң, әрі өнерге деген құрметтің арқасында би ұжымы үлкен отбасыға айналды.

АЛИНА УШАКОВА, «ҚУАНАМЫН» ХАЛЫҚ БИ СТУДИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - «Маусым айында облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында «Қуанамын» халық би студиясы кезекті маусымын аяқтайды. Биылғы жыл біз үшін қиын болды. Карантиннен кейін балалар хореографиялық дағдыларын қалпына келтіру қиын болды. Ең бастысы, жүйелі оқыту қиындық туғзды.  Біз қашықтан оқытумен, кішігірім формалармен де жұмыс атқара алдық. Қазір біз оффлайн жұмыс істеуге толықтай мүмкіндік алдық. Әрине, барлық санитарлық нормаларды сақтау керек. »

Балада жақсы музыкалық ырғақ сезімін тәрбиелеу үшін музыка және би қажет. Қозғалыс пен ойлау арасында байланыс бар екендігі бұрыннан дәлелденген.

 АЛИНА УШАКОВА, «ҚУАНАМЫН» ХАЛЫҚ БИ СТУДИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- «Біздің студияда 3 жастан бастап  18  жасқа дейінгі  балалар айналысады. Оқу бағдарламасында балалар хореографиясы, ырғақты би, хореография негіздері, балалар эстрадалық биі, халықтық сипаттағы би сабақтары бар. Мұндай егжей-тегжейлі бағдарлама хореографияны толық әрі ауқымды оқытуға мүмкіндік береді. Біздің түлектер жоғары оқу орындарында да танымал.»

Халық студиясының жетекшісі атап өткендей, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты, балалар ұзақ уақыт бойы өнер көрсеткен жоқ. Дегенмен олар "онлайн" жобаларды ұйымдастырды.  Қазір ұжым маусым айында өтетін есеп беру концертіне дайындалуда. Бишілер өздерінің жанкүйерлеріне әдемі кеш сыйлаймыз деген үмітте.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...