ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДА ПРЕМЬЕРА

17:18, 14 мамыр 2021

Қуыршақ  театрында  «Легенда о счастье» спектаклінің тұсаукесері өтті. Қойылымды белгілі режиссерлердің бірі- Евгений Ибрагимов сахналады. Бұл спектакль – черкес халқының аңыз-әңгімесі желісінде сахналанып, намыс, батылдылық қасиеттерін насихаттайды. тілшіміз тарқатсын.    

Қуыршақ театрында көптен күткен премьера. Карантиндік талаптар жеңілдетілгеннен кейін, театр ұжымы сүйікті көрермендерімен сағына қауышты. «Легенда о счастье» -черкес халқының аңыз-әңгімесі. Бұл қойылым көркем қуыршақтар, мың бұралған бишілер мен сахналық бейнесімен көрермендерін қуантты. Бақыттың кілті неде екенің түсіндіріп, намыс сөзінің мағынасын ұғындырды. Басты рөлді Сапар Мапенов сомдаса, қосалқы рөлдерде Алексей Васильев, Татьяна Ихтияндер орындап шықты. Жалпы туынды бақыттың байлықта емес, намысы бар адамның бойында екенін түсіндірген. Бұл спектакльді қою үшін сахнагерлер 3 жарым ай бойы дайындалған екен.

МЕЙРАМ СЕКСЕНБАЕВ, КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІ:

- Ең басты ерекшелігі біз осы 30 жыл ішінде бірінші рет жанды дауыс, жанды вокал, жанды оркестор ойнайды. Енді осы жоспарымыз ары қарай іске асып кетсе, біз осы жұмысымызды ары қарай жалғастырамыз деп ойлаймыз. Бұл спектакль бізге жалғыз көрермендер ғана емес, мынау фестивальдарға қатысу үшін арналып отырған спектакль. Сондықтан да осындай жақсы спектакльмен ұялмай фестивальдерге қатысуға болады деп ойлаймын.

Нэйлли Иванова театрдың тұрақты көрермені. Ол мұндай қойылымдарда балалардың көп болуы орынды дейді. Рухани баю -теарлардан басталады.

НЕЛЛИ ИВАНОВА, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

- Қуыршақ театры балаларды бақытқа бөлеп, қуаныш сыйлайды. Адалдық, рухани құндылықтарды дәріптейді. Театрдан шыққан әр балдырғанның дүниеге көзқарасы өзгереді.

Айта кетсек, қойылым 3 күн бойы сахналанады. Ұжым алда әлі 4 пектакльді көрермен назарына ұсынбақ. Оның бірі «Айлалы сабақ» деп аталады. Ол қазақ және орыс тілдерінде орындалмақ. Сондай-ақ, «Новые приключения Огогоха», жапон халқының «Ханье» ертегісі де көрерменге жол тартады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
20:54, 9 маусым 2021
«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...