ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

13:02, 17 маусым 2022

Медицина саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Гиппократ антына адал қызмет етіп жүрген өңірдің ақ халатты абзал жандарын келе жатқан кәсіби мерекесімен облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, өлшеусіз ебегін атап өтті. Салтанатты шарада бірқатар дәрігер құрмет грамота, алғыс хаттар және мемлекеттік наградалармен марапатталды. Әріптесім Мағжан Ахмадина тарқатып айтсын.

Бұл жандар адам шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, оларға қызмет көрсетеді. Бас ауырып, балтырыымыз сыздағанда осы жандарға жүгінеміз. Пандемия кезінде олар күн-түн демей, қауіпті кеселмен күресіп, адам өмірін ажалдан арашалап қалуға ат салысты. Сондықтан кәсіби мереке қарсаңында оларға лайықты бағасын берген жөн, әрине. Мұны жиында алғаш болып сөз алған өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов та айтып өтті. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Дәрігер әлемдегі ең маңызды мамандық. Өйткені, адамның денсаулығын қорғау аса жауапты іс. Сіздердің жұмыстарыңыз ерлікке тең. Ақ халатты абзал жандар күн сайын адам жанын сақтайды. Пандемия кезінде дәрігерлердің қаншалықты маңызды рөл атқаратыны көрінді. Сіздерге қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақало ұзақ жылғы адал еңбегі, облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін, кәсіби мерекелері қарсаңында дәрігерлерге алғыс хат пен Құрмет грамоталарын табыс етті. Марапатқа ие болғандардың бірі – Шолпан Негметжанова.

ШОЛПАН НЫҒМЕТЖАНОВА, СҚО БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТХАНАШЫСЫ:

- Біздің жұмысызды елеп жатқан басшылық пен облыс әкіміне алғысым шексіз. Барлық әріптестерімді мерекемен құттықтаймын. Біздер күн сайын 50-ге жуық зерттеулер мен талдаулар жасап, түрлі инфекцияларды анықтаймыз. Біздің жұмысымыздың негізінде дәрігерлер адамға нақты диагноз қоя алады.

Бірқатар солтүстікқазақстандық дәрігер мемлекеттік наградаларға ие болды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін алғандардың қатарында Нұрлығаш Жекеева да бар.

НҰРЛЫҒАШ ЖЕКЕЕВА, АҚҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

- Менің басты міндетім, жүкті әйелерді бақылау және гинекологиялық проблемалары бар әйелдерге көмек көрсету. Менің ойымша, кеңінен таралған аурулардың бірі-бедеулік. Біздің облыста ол мәселе ЭКО арқылы шешілуде.  Соның арқасында көптеген жұптар балалы болып жатыр. Бүгінгі күні менде тіркеуде шамамен 15 адам тіркеуде тұр. Репродктолгтармен жұмыс жасап жатырмыз. Алдағы уақытта квотаға легеді деген үміт бар.

Адам жанының арашасы болған дәрігерлер қай кезде болмасын көмеке келуге әзір. Тіпті кәсіби мерекелерінде де олар кезекшілік атқарып, қызмет етеді.  Ал салтанатты іс-шара мерекелік концертке ұласты.

 

Мағжан Ахмадина

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар