ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

17:15, 10 қыркүйек 2021

Жуырда ғана «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңі аяқталды. Облыстың үлгілі, отбасы құндылықтарын берік ұстанатын үйелмені ретінде   Шал ақын ауданы, Ольгинка ауылында тұратын – Крейдундер танылды. Бүгін облыс әкімі мен зиялы қауым өкілдері жеңімпаз отбасын құттықтады.

Сергей мен Иннаның шаңырақ көтергендеріне 28 жыл болған. Отағасы – Сергей, мамандығы бойынша тракторшы. Жергілікті шаруа қожалығында еңбек етеді.  Ал отанасы – Инна Крейдун бастауыш сынып мұғалімі. Ольгинка орта мектебінде 30 жылдан бері  еңбек етіп келеді. Өздерінен туған екі баласы бар. Бүгінгі күні олар бой жетіп, өз отбасыларын құрған. 2018 жылы Сергей мен Инна балалар үйінен 5 баланы қамқорлыққа алған. Қазір қыздары Любовь – 2-ші курс студенті. Ал, Валентина, Петр, Маргарита және Вероника – мектеп оқушылары.

ИННА КРЕЙДУН, ОЛЬГИНКА А.ТҰРҒЫНЫ:

- 2018 жылы «Бала асырап алған отбасы» бағдарламасы бойынша біз бірден 5 баланы қамқорлыққа алдық. Өкінген емеспіз, бөтен балаларымыз жоқ, барлығын өз балаларымыздай көреміз. Балаларыммен мақтанамыз.Бүгін бізге қолдау көрсеткендердің бәріне алғысымды білдіргім келеді. Баршаны келе жатқан отбасы күнімен құттықтаймын. Деніміз сау, жанымыз аман болсын.

Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен мыңнан астам отбасы қатысты. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Айта кетейк, Крейдундер облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанып, республикалық байқауға жолдама алды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНДА ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20:49, 22 қыркүйек 2021
ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНДА ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
«САНА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ
20:44, 22 қыркүйек 2021
«САНА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...