ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

20:44, 15 шілде 2021

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында өңір намысын қорғайтын үйелмен белгілі болды. Биыл игі дәстүрге айналған отбасылық құндылықтарды насихаттайтын байқау Отбасы күніне орай ұйымдастырылып отыр. Осы жылы оған қатысуға бірлігі жарасқан, жастарға үлгі болып жүрген аймақтың 30 шаңырағы ниет білдірген.

Шал Ақын ауданына қарасты Ольгинка ауылынан келген Сергей мен Инна Крейдундер 1993 жылы шаңырақ құрыпты. Қазіргі таңда олар 7 баланы тәрбиелеп, өсіріп отыр. Оның 5-еуін балалар үйінен алып, бауырына басқан. Отағасы Сергей механизатор болып еңбек етеді. Ал зайыбы Инна мектепте ұстаздық етіп келеді. Балалардың үлкені 27-де болса, кенжесі 13 жаста. Биыл олар алғаш рет «Мерейлі отбасы» конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды.

ИННА КРЕЙДУН, ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

«Бүгінде біз тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Балаларға үнемі ешқашан өтірік айтпа, біреудің ала жібін аттама деп ақыл айтамыз. Бұл-біздің басты ұстанымымыз. Балақайларды адалдық пен шыншылдыққа тәрбиелеп жатырмыз. Соның арқасында үлкен отбасыға айналған шығармыз.»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2013 жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жарияланған болатын. Шаңырақтың шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл байқаудың  маңызы орасан зор. Себебі, отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі екенін айта кету керек. Биыл бұл конкурс ҚР Тәуелсіздінің 30-жылдығы мен Отбасы күніне орай ұйымдастырылып отыр.

КЕМЕЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Жыл өткен сайын еліміз бойынша байқауға қатысушы отбасылық саны да артып келеді. Бақытты балалық шақ пен алаңсыз шаттық пен әрбір шаңырақтың шаттығы мемлекет саясатының ең басты құндылығының бірі. Отан- отбасынан басталады дегендей туған елге деген махаббат алдымен шаңырақтан бастау алады. Сондықтан ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатындағы дәстүрлі байқаудың әр отбасы үшін орны ерекше болып қала бермек.»

Мамлют ауданынан келген Сағындықовтар отбасы да көпке үлгі. Отағасы «Хуландой» ЖШС директоры, осыдан үш жыл бұрын Токаревка елдімекеніне су өткізген. Сондай-ақ, ауылішілік жолды да жөндеген. Бұрынғы мектеп ғимаратын сатып алып, бос уақытты өткізу орталығы мен бұқараға арналған кітапхананы ашуды жоспарлап отыр. Қазір таңда ішкі әрлеу,сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Отанасы медициналық пункте 30 жылдан астам уақыт бойы фельдшер болып еңбек етіпті. Ерлі-зайыптылар 39 жыл бірге тұрып келеді. Бес баладан 12  немере сүйіп отыр.

НЕБИЮЛА САҒЫНДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ:

« Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер демекші, балаға жақсы тәрбие беру үшін өзіңнің бойында жақсы қасиеттер болу керек деп ойлаймын. Сонда олар еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болып өседі. Бүгінде балаларымыз жақсы қызметтерде еңбек етіп келеді. Ортаңғы ұлым шаруашылықта бірге жүр. Келешекте олар менің жұмысымды жалғастыратынына сенемін.»

Облыстық кезеңге қатысқан барлық отбасыларға «Жанмен тәрбиелеу», «Ата-ана даңқы», «Менің отбасым-менің байлығым», «Шығармашылығының көп қырлылығы», «Халық игілігі үшін еңбек» аталымдары бойынша марапаттар берілді. Үздік атанған Крейдундер отбасы күзде өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Нұрбол Балғабеков

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ZHULDUZGA QADAM» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ   ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:41, 3 тамыз 2021
«ZHULDUZGA QADAM» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...