ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

МҮСІНШІ БАҚЫТЖАН РАМАЗАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 70 ЖЫЛ

13:07, 24 қараша 2021

Желтоқсанның 7-і өңіріміздің белгілі мүсіншісі Бақытжан Рамазанов көзі тірі болса 70 жасқа КЕЛЕР еді. Қанатты барыстың, жерлес-ғарышкер Викторенконың мүсіндері мен Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкиннің рельефін жасаған жерлесіміздің өнер туындылары бүгінгі күні Шал ақын ауданының мәдени мұрасына айналды. Өмірін шығармашылыққа арнаған дарын иесін бүгіндері туған-туысқандары мен жолдастары ерекше сағынышпен еске алуда.

Бақытжан Рамазанов негізінен Сергеевка қаласында еңбек етіп, өзінің ерекше мүсіндерін жасаған. Ол аудандық мәдениет бөлімінде 30 жыл қызмет атқарды. Мұнда оның қанатты барыс, майдан шебінен үйге оралмаған жауынгерлерге арналған ескерткіштері мен монументтер, әйгілі қала басшыларының бюсттері секілді алғашқы туындылары пайда болды. Шал ақын ауданы Бақытжан Рамазановтың тағдырымен тығыз байланысты. Бұл жақта ол өзінің жұбайын кездестіріп, отабсын құрып, 3 ұл тәрбиелеп өсірді.

ГҮЛЖАН РАМАЗАНОВА, БАҚЫТЖАН РАМАЗАНОВТЫҢ ЗАЙЫБЫ:

  •  Мен Афанасьевка ауылында тұрдым. Диспетчерлік пультте жұмыс істедім. Ал, ол болса 77-ші жылы ЖҰМЫСПЕН келді. Осылайша біз танысып, достастық. Сергеевкада 30 жыл тұрдық. 2007-ші жылы Петропавлға көшіп келдік. Мұнда ол С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрына декоратор болып жұмысқа орналасты. 

Бақытжан Рамазанов ағамыз көпшіл адам еді. Қасында адал достары көп  болатын. Қазіргі таңда сол жандар дарын иесін ерекше сағынышпен еске алады. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжиннің айтуынша, Бақытжан өте еңбекқор, мейірімді әрі өз сөзінде тұратын қайсар мінезді ер азамат еді.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН,  БАҚЫТЖАН РАМАЗАНОВТЫҢ ДОСЫ:

  •  Ауылымыз аралас, қойымыз қОралас болғандықтан бір-бірімізді ертеден білетінбіз. Мектебімізге келген. Міңезі өте әдемі еді. Әңгімені шебер айтушы еді. Алла берген қнері сол кезде таныла бастаған.

Бақытжан Рамазанов 20-дан астам өнер туындысын жасады. Мүсіншінің соңғы жұмыстары Петропавлдағы Әбу Досмұхамбетов пен Нұрсұлтан қаласындағы Батыр Баянның  бюсттері болды. 2010 жылы Бақытжан Рамазанов астаналық Суретшілер қауымдастығының және «Жеті жарғы» төсбелгілерімен марапатталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...