ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА

17:15, 19 сәуір 2021

Сәуірдің 19-ы Нелли Иванова 80 жасқа толды.  Нелли Александровна - облыстың Құрметті азаматы, педагог, тарихшы, қоғам қайраткері. Мерейтой иесін әріптестері, достары және облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады. 

Нелли Иванова өңір дамуына сүбелі үлес қосқан жандардың бірі. Көптеген лауазымды қызметтерде еңбектенді. Петропавл қалалық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, Киров аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, кейін идеологиялық бөлім меңгерушісінің орынбасары бөлып жұмыс істеді. Барлық қызметте ол өз ісіне адал, үлкен жауапкершілікпен қарайтын парасатты адам ретінде таныла білді.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Құрметті, Нелли Александровна! Сізге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Сіздің алар асуыңыз әлі алда. Жас ұрпаққа сіз секілді бағыт-бағдар сілтеп, кеңестерімен бөлісетін аға буын өкілдері керек. Мамандарымыз жұмысқа деген құштарлықты сізден үйренулері керек деп есептеймін. Барлық жерлестеріміздің атынан сізге алғыс білдіремін.

Бүгінгі мерейтойымен Нелли Александровнаны жақындары құттықтай келді.

АНАТОЛИЙ БАШМАКОВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

- Сегодня не Нелли Александровне это надо, даже может не столько нам, сколько тем, кто увидит по телевидению и услышит о Нелли Александровне теплое, доброе слово. Этот и есть нравственное продолжение наших традиций. Спасибо. С праздником, Нелли Александровна.

Мерейтой иесі де өз кезегінде құттықтай келген жерлестеріне ізгі тілектерін білдірді.  

НЕЛЛИ ИВАНОВА, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

- Жеке мерейтойым өңіріміз үшін маңызды кезеңмен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымын. Арнайы экономикалық аймақ және бұдан да басқа тың жоспарлар сәтімен іске асып елімізідң солтүстік қақпасына айналған өңір гүлдене түседі деген сенімдемін.

Нелли Александровна зейнет демалысында болғанына қарамастан облыста және қалада болып жатқан жаңалықтарды назардан тыс қалдырмайды. Оның сөзінше, адам жасына қарамастан әрдайым жаңашылдыққа ұмтылуы тиіс. 

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...