ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

17:15, 4 наурыз 2021

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концертке облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, өңірдің нәзік жандыларын құттықтады. Шара барысында 5 көпбалалы анаға «Күміс алқа» медалі табысталды. Сонымен қатар,  басқа да облыстың дамуына үлес қосқан арулардың еңбегі еленді.

Бір жылға жуық уақыттан кейін өңірде осындай ауқымды шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Себебі, қәзіргі уақытта елдегі және облыстағы эпид ахуал тұрақты. Құшақ-құшақ гүл шоқтарын ұстаған, және жүздеріне күлкі үйірілген нәзік жандыларды мереке қарсаңында өңір басшысы құттықтап, жылы лебізін білдірді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қоғамда ананың ролі ерекше екенін біз жақсы білеміз, түсінеміз. Бұл әлемдегі ана болу ең қиын да, ең маңызды мамандық деп айтсақта артық болмайтын шығар. Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен бүкіл әлемді тербетеді. Ер азаматтардан қалмай, елдің дамуына қосып жүрген үлестері аз емес. Осы еңбектеріңіз үшін сіздерге алғысымды айтамын.

Мерекелік шара барысында 5 көпбалалы анаға «күміс алқа» медалі табысталса, 10 нәзік жанды Құрмет грамотасымен, тағы 5еуі облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

«Күміс алқаға» ие болғандардың бірі -  Айнұр Қонысбаева. Көпбалалы Петропавл қаласының тұрғыны. Балаларының үлкені 20жаста болса, ең кішісі 1жастан енді асқан. Қәзіргі уақытта бала күтімі бойынша  демалыста.

АЙНҰР ҚОНЫСБАЕВА, «КҮМІС АЛҚА» ИЕГЕРІ:

- Бүгін бізді марапаттауға шақырды. Осындай қуаныштарды бізге жасап жатқан бәріне рахмет айтқым келеді. 8 наурыз мерекесімен барша аналарды, барша әйел қауымын құттықтағым келеді. Барлығына ашық аспан, денсаулық тілеймін. Және балаларымыз аман болсын деймін.

Марапатталушылардың арасында облыстың басты арнасы, «Қызылжар» телеарнасының бас режиссеры Ирина Купина да бар. Ол БАҚ саласында 30 жылдан астам еңбек етеді. Телеарнадағы еңбек жолын  17 жасында бастаған. Осы уақыт аралығында көптеген тікелей эфирлер мен бағдарламалары көрерменге жол тартты. Осы ерен еңбегі үшін мереке қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

ИРИНА КУПИНА, «QYZYLJAR» ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ:

- Ең алғаш мен телеарнаға келгенде режиссердың көмекшісі болып жұмыс істедім. Түрлі қызықтар орын алатын. Осы медиа саласында жүріп, көптеген адамдармен танысып, тәжірибе жинадым. Көзді ашып-жұмғанша 30 жыл өтті. Бүгін еңбегім еленіп жатқанына қуаныштымын. Барша нәзік жандыларды, әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын.

Бұл күні темірдей тәртіпке бағынып, қиыны мен қызығы қатар жүретін полицей мамандығын таңдаған арулардың да еңбегі еленді.  Жұлдыз Мұхамадиева Петропавл қаласы полиция басқармасының аға тергеушісі. 7 жылға жуық еңбек жолында түрлі алаяқтарды тергеп, ауыр  қылмыстардың бетін ашқан. Жұлдыздың жолдасы да ішкі істер органдарында қызмет етеді. Полицейлер отбасы қәзіргі уақытта 2 баланы тәрбиелеп отыр.

ЖҰЛДЫЗ МҰХАМАДИЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

- Жұмысымыздың ең ауыр тұсы ол қылмыскерді тергеу барысында оның шын не өтірік айтып отырғанын түсіну. Өзімнің мінезім жұмсақ. Сол себепті ең алдымен олардың сеніміне кіріп алып,кейіннен  қылмыстың бетін ашуға тырысамын.  Кішкентайымнан полицей болуды армандағандықтан, еш өкінбеймін.

Марапаттау рәсімінен кейін облыстың нәзік жандыларының назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Бір жыл бойы көрерменмен қаушпаған облыс әртістері, әйелдер қауымы үшін бар өнерлерін салды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...