ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

17:22, 30 шілде 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына байланысты жыл басынан бері өңірде 3490 іс-шара жүзеге асырылды. Олар карантиндік шектеулерді сақтай отыра өткізілген. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде атаулы датаға орай алдағы уақытта ұйымдастырылатын мерекелік шаралар туралы айтылды.

Жыл басынан бері өңірде Қазақстан елінің  тарихы, қалыптасуы, даму жолы жайлы баяндалатын, тәуелсіз мемлекетіміздің болашығына байланысты мерекелік іс-шаралар өткізіліп келеді. Солардың бірі,  QYZYLJAR арт-орталығының ашылуы. Ал, "Радуга" шығармашылық фестивалі, "Этнофьюжн" ұлттық тағамдар фестивалі, Мемлекеттік рәміздер күніне ту көтеру, "Қызыл оба" көрмесі, "Жас ұрпақ Қазақстан" фестивалі секілді айтулы датаға орайластырылған шаралар облыс тұрғындарының естерінде қалды.

БАҒДАТ МҰҚАНОВА, СҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- 2021 жылдың екінші жартыжылдығына  жоспарланған маңызды іс-шаралардың бірі  бұл   "Бабалар ұлағаты" республикалық жыршылар мен термешілер байқауы, қазан айында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Абылай ханның 310 жылдығына арналған "Ордасы ұлы Абылайдың" атты көрмесі өтеді. Шілде айында "Ақ бидай" облыстық жазғы спорт мерекесінің финалы, қазан айында облыстық ат жарысының жазғы маусымының жабылуы, желтоқсан айында еркін күрес пен кикбоксингтен республикалық турнирлердің өтуі жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "игі істер марафоны" да петропавлдықтар арасында үлкен қодауға ие болды.  Жыл басынан бері аталмыш марафон арқылы жалпы 7410 адамды қамтитын 660 іс-шара іске асырылды. 19-23 шілде аралығында 18 іс-шараның арқасында 39 адамға көмек көрсетілді. 

АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Тағы бір есте қаларлық іс-шаралардың бірі бұл облыста бірнеше рет  ыстық шәй, бауырсақ пен бәліштерді тегін тарату бойынша өткен акция. Волонтерлер жергілікті Коммунхоз жұмысшыларына күннің суығында ыстық шәймен және бауырсақ таратты.  

Петропавл волонтерлері тұрақты негізде жалғыз ілікті зейнеткерлерге, мүгедектерге қол ұшын созып тұрады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 120-дан аса мұқтаж жанға көмек көрсетілді.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНДА ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20:49, 22 қыркүйек 2021
ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНДА ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
«САНА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ
20:44, 22 қыркүйек 2021
«САНА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...