ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ОН САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН

13:04, 5 тамыз 2021

Келесі бейнематериал он саусағынан өнер тамған қолөнерші жайында болмақ. Петропавл тұрғыны үйі мен ауласын безендіріп, ертегі әлеміне айналдырған. Галина Малошенко жұмыстарына негізінен қарапайым заттарды қолданады. Шебермен арна тілшілері тілдесіп қайтты.

Петропавлдық зейнеткер Галина Малошенко он саусағынан өнер тамған талантты жан. Қарапайым пластик ыдыстар оның қолында түрленіп, жаңа әдемі затқа айналады. Матадандан да түрлі жастық, көрпеше сынды бұйымдар тігеді екен.

ГАЛИНА МАЛОШЕНКО,  ҚОЛӨНЕРШІ:

- «.. Мен кезінде тігін цехінде еңбек еттім. Сондла жүріп тәжірибе жинадым. Қазір матадан кез келген нәрсені тіге аламын.

Галина күнделікті тұрмыста қолдануға болатын түрлі құмыралар да жасайды. Мына көздің жауын алатын гүлдер - бұрынғы пластик бөтелкелер. Қолөнерші онымен үй ауласы безендірген. Ал, осыдан 6 жыл бұрын ол өз бойындағы ерекше қасиетті байқапты.

ГАЛИНА МАЛОШЕНКО, ҚОЛӨНЕРШІ:

- «.. Осыдан 6 жыл бұрын байқадым. Бал салынған ыдыстағы қасық менің денеме жабысты. Басында балдың шырынымен жабысып тұрған болар деп ойладым, тексермек болып, қасықты жуып көрдім. Бірақ тағы денеме жақындатқанда, магнит тәріздес жабыса кетті.

Галина үшін қолөнермен айналысу пайда көзі емес, сүйікті іс.

Мадина Нуркина

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...