ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ӨҢІР БИШІЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА 6 ГРАН-ПРИ ҰТЫП АЛДЫ

17:22, 9 қараша 2021

Алматыда өткен «Jas Daryn» халықаралық конкурс-фестивалінде солтүстікқазақстандық өнерпаздар жеңіске жетті. «Аrt-класс» балалар және жасөспірімдер шығармашылық шеберханасының қатысушылары әр сахналық нөмірлері үшін гран-при ұтып алДЫ. Жүлдегерлермен біздің арнаның түсірілім тобы кездесті.

Балет мектебіне 6 жыл. бұл облыстағы осы бағыттағы жалғыз мектеп. Балет бишілері облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие. Алматы қаласында өткен фестивальде де жеңіс тұғырынан көрінді. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін жоғары бағалап, бишілердің байқауға дайындаған 6 нөмірі де гран-приға лайық деп шешті.       

КСЕНИЯ РАДИОНОВА, «АRT-КЛАСС» БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біздің ұжым қатысқан байқауларда өнердің балет бағыты сирек кездесетін. Ал, бұл жолы Алматы қалалық балет мектебінің қатысушылары болды. Бишілерде өзара бәсекелестік пайда болды. Дегенмен, біздің қыздар барлығын дұрыс орындап, жеңіске жеттік.

Петропавлдың намысын 8 жастан 17 жасқа дейінгі 2 топ қорғады. «Ақшақар» балетінен, «Жизель» вариациясынан, «Золушка» миниатюрасынан үзінділер және жеке, ұжымдық нөмірлер көрсетті.

Мен «Ақшақар» мүлдем басқа оқиға» биінде өнер көрсеттім. жарқанат рөлін сомдадым.

- Мен ергежейліні сомдадым, Оның мінезін, эхмоциясын көрсету қаты қиын болған жоқ.

- Бұл менің ең алғашқы байқауға қатысуым. Байқау да Алматы да қатты ұнады.   

Жас бишілер жақында ғана жеңіспен оралғандарына қарамастан, бірден жаңа хореографиялық  қойылымға қызу дайындыққа кірісіп кетті.

Жанбота Естайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...