ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«Qyzyljar MUSIC FEST-2022»

20:40, 4 шілде 2022

Петропавлда шілденің 1-і мен 7-сі аралығында 300 өнерпаздың, соның ішінде шетелдік әртістердің қатысуымен «Qyzyljar MUSIC FEST-2022» халықаралық фестивалі өтуде. Мәдени іс-шараның ашылу салтанаты қаламыздың бас алаңында болды.

Петропавл тұрғындары мен қонақтары бір апта бойы Астана күнімен қала күніне арналған түрлі мәдени шаралардың куәсі бола алады. Фестивальдің алғашқы күні дәстүрлі музыкаға арналды. Шығармашылық ұжымдар көрермен назарына  халық әндерін, фольклорлық шығармаларды ұсынды.  Кеш қонақтары Нұрболат Арзамасов және Ерлан Рысқали.

ЕРЛАН РЫСҚАЛИ, ӘНШІ:

- «Біздің халқымыздың ән мен күйі ұлтымыздың бағалы құндылықтарының бірі деп білемін. Бүгінгі фестивальде  орындалатын шығармалар көрермен жүрегінен орын табады деген сенімдемін. Бүгінгі фестивальге мен арнайы келдім. Мұнда мен бірнеше ән орындаймын. Соның ішінде осы өлкенің тумасы, қазақ классикалық ән өнерінің негізін қалаушы Сегіз серінің «Гауһар тас» әні де бар.»

Қаланың бас алаңында «Туған жер», «Әдемау» би ұжымдары, Сегіз сері атындағы қазақ халық асапаптар оркестрі және облыстық филармония ұжымдары өнер көрсетті.

ҚАЙЫРЛЫ ҒАФУРОВ, «СЕГІЗ СЕРІ» АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: 

«Qyzyljar Music Fest» - қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Ореп air» форматындағы ауқымды жоба. Бір апта бойы бас алаңда дәстүрлі және классикалық музыка, джаз, эстрада, хореография өнерінің концерттері өтеді, «Астана-Опера» театрының «Жібек саты» операсы қойылады. 7 шілде күні фестивальдің жабылуына орай гала концерт өтеді. Оған Крефельд және Мен-хен-глад-бах қалаларының «Солнечный голос» біріккен театрының солисі және біздің жерлесіміз ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Қайыржан Жолдыбаевтың қатысады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар