ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

«САНА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ

20:44, 22 қыркүйек 2021

Петропавлдағы Иван Шухов атындағы орталық кітапханада Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Сана» әдеби-музыкалық клубы ашылды. Клубтың негізгі мақсаты: мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтап насихаттау. Клуб құрамында  әдебиет және  мәдениет саласының 12 өкілі мүшелікте.

«Сана» әдеби-музыкалық клубынының ашылу салтанатына мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері, клуб мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Клубтың негізгі міндеттері:  мемлекеттік тілде әдебиетті оқуға деген қызығушылықты арттыру, мемлекеттік тілді сақтауға жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.

АЛТЫНАЙ СЫЗДЫҚОВА, И.ШУХОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ӘДІСКЕРІ:

- «Бұл клуб қарым-қатынас, пікір алмасу, орны болып табылдады деп ойлаймыз. Сондықтан мұнда ақындар мен танымал адамдардың шығармашылоықтары, кездесулер, әдеби-музыкалық кештер, байқаулар, конференциялар өткізіледі деп жоспарладық. Негізгі мақсатымыз адамгершілік рухани құндылықтарды қалыптастыру.»

Іс-шара барысында жергілікті өнерпаздар ән айтып, өлеңдер оқылды клуб мүшелері алға қойған жоспарларымен бөлісті.

МАРАЛ ОСПАНОВА, «САНА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЛУБТЫҢ МҮШЕСІ:

- «Бұл клубтың мақсаты өскелең ұрпақты  мемлекеттік тілді тілді құрметтеуді, отанын  сүйюді саналы ұрпақ болып ертең еліміздің тірегі болуы елдің ертең тұтқасын ұстайтындай адамадар болып өсуіне ықпал етпекші.»

НҰРСАЙЫН ШӘРІП, «ҚАЗАҚСТАН ДӘУІРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСИ ҚОҒАМДЫҚ ГАЗЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ :

- «Аты айтып тұрғандай бұл біздің қалғып кеткен санамызды оятатын бір клуб болады деген үмітім бар. Бұл клубтын болашақ мүшелері де облысқа белгілі жандар екен. Жоспарлап отырған іс шаралары да қомақты екен. Әсірес  маған өте ұнағаны «Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» деген кеш. Шынында да біз әрқашан өзіміздің ана тілімізді құрметтеуіміз керек.»

Клубқа алдын ала 12 адам мүшелікке алынған. Алдағы уақытта олардың қатары көбеймек. Клубтың негізгі жоспары бекітілген. Айталық болашақта «Менің қарттарым-менің қазынам» дөңгелек үстелі, «Поэзия -жанның музыкасы» әдеби-музыкалық кеші, мәнерлеп өлең оқу кештері және тағы басқа бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ 75 ЖАСТА
20:44, 22 қазан 2021
АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ 75 ЖАСТА
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫ КЕЗДЕСТІ
20:38, 22 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫ КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...