ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

САРЫ ДАЛАНЫҢ ЖЫРШЫСЫ

20:44, 21 қаңтар 2022

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті лирик ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығына арналған «Сары даланың жыршысы» атты поэзия кеші өтті. Іс-шараға жерлес ақынның көзін көрген азаматтар қатысып, ақын шығармашылығынан сыр шертті. Тілшіміз толықтырсын.

Кәкімбек Салықов 1932 жылы СҚО, Шал ақын ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1950 жылы Сырымбет тауы бөктерінде  орта мектепті тәмамдап  кейін Мәскеудегі түсті металлургия және алтын институна түседі. Оқуын сәтті аяған жерлесіміз Кеңестер Одағы Жоғарғы кеңесінің экология коммитетінің төрағасы қызметіне дейін жоғарылаған. Дегенмен халыққа Кәкімбек Салықов 20-ға жуық кітап пен 300-ге жуық өлеңнің авторы және халық арасында танымал «Дала – дастан», «Тәттімбет», «Кенесарының соңғы сөзі», «Самғау биіктері» сынды көптеген поэмалардың авторы ретінде танымал.

 САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:

 Іс-шараның мақсаты - жас өскінді ақынның туындыларымен таныстырып, шығармашылығын насихаттау. Облыстық тарихи өлкетану музейінде ақынның өз қолтаңбасын қалдырған 30-ға жуық кітап бар. Ақынның көзін көрген жандардың бірі – Жақсыбай Самрат. Ақын өнерін тебіреніспен еске алады

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ, «Егемен Қазақстан» газетінің СҚО бойынша меншікті тілшісі:

Кәкімбек Салықовтың 500-дей өлеңіне 60-қа жуық сазгер ән жазған. Поэзия кешінде Кәкімбек атамызға арнаулар айтылып,  "Әл-Фараби" мектеп-лицейінің оқушылары жерлес ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

ЖАНСАЯ ҰРЫНБЕКОВА, ӘЛ-ФАРАБИ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ  ОҚУШЫСЫ:

Лауазымды қызмет пен өнерді қатар алып жүрген Кәкімбек Салықовтың өмір жолы келешек жас ұрпаққа үлгі.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
20:46, 18 мамыр 2022
ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Толығырақ...
ТАНЫМАЛ ХОРЕОГРАФ М.ЛАХТИН 63 ЖАСҚА ТОЛДЫ
20:42, 16 мамыр 2022
ТАНЫМАЛ ХОРЕОГРАФ М.ЛАХТИН 63 ЖАСҚА ТОЛДЫ
Толығырақ...
ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
17:18, 6 мамыр 2022
ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...