ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

«SENSITIVE» БИ ТЕАТРЫНА 15 ЖЫЛ

13:02, 6 мамыр 2022

Өңір мақтанышы – «SENSITIVE» би театры биыл өзінің 15 жылдығын атап өтеді. Театр шәкірттері түрлі байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы бола отырып, әлемдік би аренасында ел намысын абыроймен қорғап келеді. Айтулы датаға орай Ақан Сері атындағы облыстық филармония қабырғасында би театрының қайырымдылық концерті өтті.

 «SENSITIVE» – облыстың талантты әртістерінен құралған бірегей би театры. Құрамында есту қабілеті бұзылған балалар өнер көрсетеді. Биыл театр өзінің 15 жылдығын атап өтіп жатыр. Мерейтойлық датаға орай театр ұжымы облыстық филармонияда қайырымдылық концерт қойды. Олар еуропалық, латын-американдық және заманауи билерді көрермен назарына ұсынды. Өңір басшысының атынан оның орынбасары Ғани Нығыметов құттықтау сөз сөйледі. 

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Мен ұжымды 15 жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Бұл керемет нәтижелерге қол жеткізіп жүрген ерекше балалар. Сіздер білесіздер, олар көптеген байқаулар мен чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпаздары. Осы жылдың басында бишілер Мысырда 1 орын иемденді. Біз бұл ұжымға үлкен үміт артамыз. Бұл ұжымның болашағы жарқын екеніне сенімдімін.»

 Туа біткен дарынды дұрыс бағытта қолдана білу керек. Бұл жағынан Сенсативке тең келетіндер жоқ. Ольга Ростовщикова – театр жетекшісі әрі тәлімгері. Оның балаларды биге дайындап, жаттықтырып жүргеніне 15 жылдың жүзі болды. Көрнекі қимыл техникасының арқасында бишілер шеберліктерін шыңдап, жаңа хореографияны үйренеді. Айта кету керек, театрдағы дайындық, Кіші, Орта және ересек топтар болып бөлінеді.

ОЛЬГА РОСТОВЩИКОВА, "SENSITIVE"  БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - «Балалар Қазақстанды шетелдерде таныстырды. Атап айтқанда  Еуропа, БАӘ және Ресей Федерациясында өткен сайыстарға қатысты. Халықаралық және республикалық байқауларға қатысты. Нәтижелері өте жақсы. Әр конкурс балалар үшін үлкен тәжірибе. Байқаулардан бөлек атақты бишілермен, хореографтармен шеберлік сабақтары өтеді.»

Театр 2006 жылы құрылды. Дәл сол кезде мектеп-интернатта тәжірибесіз балалар би билеуге үйренді.  Бүгінде олардың әр қойылымы көрермендердің үлкен қошеметіне ие. Ансамбль енді осы жазда Калифорнияда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті.

Тақырып бойынша материалдар

ПУАНТИЛИСТ СУРЕТШІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
13:03, 27 маусым 2022
ПУАНТИЛИСТ СУРЕТШІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...