ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ШАХМЕТ ХҰСАЙЫНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 115 ЖЫЛ

20:46, 14 мамыр 2021

Биыл драматург Шахмет Хұсайыновтың туғанына 115 жыл.   Облыстық кітапханада жерлес жазушының  мерейтойына арналған «Зор талант иесі» атты әдеби кеш өтті. Шара барысында кешке қатысушылар  драматургтің өмірі, шығармашылығымен жан-жақты танысты.

Шахмет Хұсайынов 1906 жылы 12 мамырда Айыртау ауданы Қоскөл ауылында дүниеге келді. Ол жазушы, белгілі өнер қайраткері, әдебиеттің ең күрделі жанры ұлттық драматургия жанрының өркендеуіне үлес қосқандардың бірі. Артында 50-ге тарта пьеса, үш киносценарий, екі киноповесть, ондаған әңгіме, жүздеген мақала жазып қалдырған. 

ЖАНБАЙ  ҚАДЫРОВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

«Шахмет Хұсайынов осы Петропавл қаласына педтехникумға 1923 жылы оқуға түсіп, онда 2 жылдай оқып аяқтағаннан кейін осы Қызылжарда бұрынғы «Бостандық туы» газетінде 2 жылдай қызмет атқарған. Кейін өзінің туған жері Көкшетау қаласында «Көкшетау правдасы» газетінде біраз қызметте болған. Бүгінгі баяндамамда мен Шахмет Хұсайыновтың Үкілі Ыбырайдың драмасы туралы айтқым келеді. Себебі онда ол жерлесіміз Ақан сері жайлы сөз қозғаған. Студенттер, бұқара білуі керек.»

Шахмет Хұсайыновтың шығармаларының басты тақырыбы туған жер. Әр ТУЫНДЫСЫНан жазушының елге деген сүйіспеншілігін көруге болады. Ерасыл Бахытжанов Манаш Қозыбаев атындағы солтүстік Қазақстан университетінің 1-ші курс студенті. Болашақ ұстаз осындай әдеби кештерді қалдырмайды.

ЕРАСЫЛ БАҚЫТЖАНОВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

- «Бұл келуіміздің басты себебі – Шахмет Хұсайыновтың, жерлес жазушы, драматургпен танысу, оның 115 жылдығына орай шара болып жатыр. Кеш өте маңызды біз үшін, ол осы ағамызбен танысып, болашақ ұрпаққа да осы ақын жайлы айтып бере аламыз деп ойлаймын.»

Жазушының өмірі мен шығармашылығынан бөлек шараға келгендер «Халқымыздың ардақты перзенті» атты кітап көрмесімен танысты. Жалпы әдеби кешке 50-ге жуық адам қатысты.

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
20:54, 9 маусым 2021
«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...