ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ШЕКСІЗ ӨНЕР

20:42, 15 қазан 2021

Оқушылар сарайында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Шексіз өнер» облыстық байқауы өтті. Оған өңірдің 80-ге жуық өнерлі де талантты балалар мен ересектер қатысты. Облыс тұрғындары хореография, вокал, сәндік-қолданбалы және аспаптық өнер секілді 6 аталымда бақтарын сынады.

Қызылжар ауданы, Рассвет ауылының тұрғыны Светлана Величконың құлағының мүкісі бар.  3-ші топтағы мүгедек қолөнермен бала кезінен шұғылданады. Әйел көбіне түрлі-түсті ұсақ моншақпен жұмыс істегенді жақсы көреді. Алайда, бүгінгі байқауға ол ермексаздан Олимпиада чемпионы, жерлес спортшы Александр Винокуровтың мүсінін жасап әкеліпті.  

СВЕТЛАНА ВЕЛИЧКО , «ШЕКСІЗ ӨНЕР» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ:

  • Бұл мүсінді мен қалаға кіреберісте мүктен жасалған бейнеге қарап жасадым. Бір апта уақытым кетті. Ермексазбен жұмыс істеген қатты ұнайды. Фантазияма ерік беріп, қиялымдағы өнер туындысын жасауға мүмкіндік аламын. Жеңіске жетемін деп үміттенемін.

Ал, Дамир Еркебұланның арманы асқақ. 22 жастағы жігіт болашақта үлкен сахнада тұрып, ән айтсам ба дейді. Бала кезінен вокалмен кәсіби түрде шұғылданып жүрген ол заманауи музыканы сүйіп тындайды.

ДАМИР ЕРКЕБҰЛАН , «ШЕКСІЗ ӨНЕР» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ:

  • Бүгінгі байқауда мен махаббат туралы ән орындаймын. Көбіне жас әншілердің өнері қатты ұнайды. Болашақта басқа да байқауларға қатысып, Димаш Құдайберген сияқты төрткүл дүниеге танылғым келеді.

Жалпы, байқауға қатысам деушілерден 70-ке жуық өтінім түскен. кейін, бағымды сынап, өнерімді көрсетем деушілердің саны көбейіп 80-ге дейін жеткен.

ДАРИХА БЕРДІБЕКОВА,  «АРДОС ЖҮРЕК» МҮГЕДЕКТЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖОБА ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

  • Жылда өтетін шараның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында талантты әрі өнерлі азаматтарды анықтап, оларға қолдау көрсету.. Қатысушылар 6 аталымда бақтарын сынай алады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар 6 аталымда анықталып, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...