ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН Толығырақ

«SHOQАNY BAR EL – SHOGTYǴY BIIK EL» ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕСІ

18:04, 1 қараша 2019

Петропавлдағы Абылай хан резиденциясында Айыртау ауданының жылжымалы көрмесі ашылды.  Қала тұрғындарының назарына Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің 30-дан аса экспонаты ұсынылды. Көрмені біздің арнааың түсіру тобы да тамашалап қайтты.      

Әр қазақстандық өз елінің және туған өлкесінің тарихын білуі тиіс. Еліміз мемлекет болып қалыптасуына ат салысқан тұлғалардың арасында біздің жерлестеріміз де баршылық. Мәселен, Айыртау ауданында  Абылай ханның ұрпағы Шоқан Уәлихановтың  балалық шағы мен ұлы тұлға ретінде қалыптасқан кезеңі өткен.

НҰРГҮЛ ҚҰЛБАЕВА, СЫРЫМБЕТ ТАРИХИ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МУЗЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

Сырымбет қасиетті де, киелі мекен, Сырымбет елінен Ш.Уәлихановтың 150 жылдық мерейтойына ашылған және де Ш.Уәлихановтың  әжесі Айғаным қонысынан бүгінгі күні Қызылжарға Абылай хан резиденциясына «Шоқаны бар – шоқтығы биік ел» атты көрме ұйымдастырып әкелдік. // 1,05-15//  әкелген жәдігерлердің құндыларының бірі Ш.Уәлихановтың дарынды інілерінің М.Уәлихановтың керемет өнер туындысы Пілдің сүйегінен жасалған сандық.

Құнды құжаттар тұрмыстық жеке заттары мен фотосуреттер. Нақтырақ тоқталсақ, Уәлихановтар отбасының фотокөшірмелері, Ш.Уәлихановтың жорықтық сандығы, әкесінің алтын жіппен кестеленген белбеуі, Айғаным әжесінің қамзолы және т.б халық назарына ұсынылды. Бүгін тарихты  кітап арқылы  ғана емес, қолмен ұстап, көзбер көруге келген жастардың қатары қалың болды. 

- Көрмеде Ш. Уәлихановтың өз қолымен жазған хаттарын көріп, қатты әсер алдым. Шоқанның жазуын көру, зерттеулері шын мәнінде еріксіз бойыңды баурап алады.

- Бүгін Ш. Уәлиханов туралы көп мәлімет алдым. Әрине, ол туралы сабақ өттік. Бірақ, бүгін экскурсия барысында мұндай тұлғаны толығымен тану мүмкін еместігін  түсіндім. 

Тарихи-этнографиялық музей 1985 жылы ашылған.  Айыртаулықтар өздерінің баға жетпес құнды жәдігерлерін аудан орталықтарына, шалғайдағы елді мекендерге апарып таныстырады. Жылжымалы көрме бір ай бойы қызылжарлықтардың назарына ұсынылмақ.  

Жанбота СЕНТАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...