ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН КІТАПТАР МУЗЕЙІ

20:48, 8 маусым 2021

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында сирек кездесетін кітаптар музейі жұмыс істейді.  Ол 1996 жылы ашылған. Қазіргі таңда мұнда 3 мыңға жуық кітап сақтаулы тұр. Оның арасында бірегей туындылар да бар.

Бұл мұражайдағы ең көне әрі құнды кітаптардың бірі мына псалтырь. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша діни кітап шамамен 18 ғасырда жазылыпты. Оны белгісіз оқырман Украинаның Киев қаласынан сатып алған екен. Сонымен қатар мұнда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 75-жылдық мерейтойына арналып басылған «Жамбыл» кітабы да бар. Туынды 1938 жылы латын графикасында жарыққа шыққан.

ЮЛИЯ ПИСКУНОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАС БИБЛИОГРАФЫ:

«Біздің музейге қала тұрғындары мен қонақтары келе алады. 18-ші, 19-шы ғасырларда жазылып шыққан көне кітаптармен танысуға мүмкіндік бар. Мұражай күнделікті жұмыс істейді. Тек дүйсенбі күні ғана демалыс. Тіпті, мереке күндері де жұмыс істей береміз. Қызықты туындылар өте көп. Қасиетті құран кітаптары, түрлі тақырыпта жазылған мақалалар бар.»

Нұрбол Балғабеков

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
20:54, 9 маусым 2021
«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...