ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА 85 ЖЫЛ

17:15, 29 шілде 2021

Биыл СҚО-ның құрылғанына 85 жыл. Сонау 1936 жыл Қарағанды облысынан бөлініп, өз алдына жеке дара аймақ атанған өңіріміз тарихқа бай. Бүгін М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да айтулы датаға орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға ҚР Парламентінің экс-депутаттары, ғалым, профессорлар, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, өңірдің өткені мен бүгіні жайлы пікір алмасты, арнайы дайындаған баяндамаларын оқыды.

Күнгейде тарихы терең Түркістан болса, теріскейде киелі Қызылжар. Еліміздің солтүстік қақпасы, алпауыт Ресеймен шекаралас жатқан Солтүстік Қазақстан облысына биыл 85 жыл. 1936 жылы Қарағанды облыснан бөлініп, өз алдында жеке дара аймақ атанған өңіріміздің тарихы бай. Ұлы отан соғысы, совхоздандыру мен тың игеру жылдары. Осы бір өтпелі кезеңдерді артқа тастап, облысымыз бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Айтулы датаға орай М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА МҮШЕСІ:

  • Осындай жарқын тұлғаларымыз баяндамаларымен шығып, өңірдің жеткен жетістіктері мен дамуына шолу жасайды деген ойдамыз. Бұл мерейтой өте маңызды шара. Еліміз үшін, жеріміз үшін. Туған жеріне туын тіккен тұлғалар үшін. Облысымыз болашақта дами берсін. Болашағы зор...

Облысымыздың 85 жылдығына арналған шараның СҚУ-да өтуі бекер емес. Біріншіден аталған білім ордасы өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны. Екіншіден университеттен аймақтың дамуына өз үлестерін қосқан талай азамат түлеп ұшты. Жиналған облыстың тарихына кеңінен тоқталып біз бен сіз білмеген тарихи фактілерді тілге тиек етті.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВАСОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Соғыс аяқталған соң облысымыз Қазақстанның басқа өңірлері сияқты біраз қиындықты бастан кешірді. Бірақ, соның ішіндегі ең бір ерешелерінің бірі 1946-1947 жылдары бізде керемет аштық болған. Ол жайлы құжаттары жуырда ғана аштық. Қырылған азаматтарды түрлі медициналық куәлендірулермен басқа аурулармен көз жұмды деп көрсеткен.

Бүгінде 500 мыңнан астам халқы бар өңіріміз  республика бойынша өндірілетін астықтың 3/1 ел қамбасына құйып отыр. Ауыл шаруашылық саласында алдыңғы қатарда келеді. Одан бөлек түрлі зауыт, кәсіпорындар мен әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеріп ел эконмикасына өзіндік үлесін қосып отыр.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
13:06, 27 қазан 2021
ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
Толығырақ...
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
17:21, 26 қазан 2021
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...