ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

13:03, 11 қазан 2021

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан  Петропавлға келген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері Жамбыл ауданы Петровка ауылында Барлыбаевтардың әулеті мазарының ашылуына қатысты. Сонымен қатар 1918-ші жылы Міржақып Дулатов бастаған Алашордашылар ұйымдастырған жиналыс орынына барып, ескерткіш тақтаны ашты. Кейін Пресновка ауылының мәдениет үйінде өткен «Солтүстік Қазақстан және Алаш» халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысты.

Барлыбай Шәукерұлы Қазақ хандығының 18-ші ханы Абылайдың тұсында өмір сүрген. Қолбасшының әскерін қару-жарақпен, табын жылқымен қамтамасыз етіп, көптеген мәселелердің шешілуіне зор үлес қосқан. Барлыбайдан тараған кейінгі ұрпақ та аса білімді, мәдениетті әрі көреген азаматтар болған. Сол жандардың құрметіне Жамбыл ауданы Петровка ауылында салтанатты түрде мазар ашылды.

Мазардың құрылысына Барлыбай атамыздың ұрпақтары өз қалталарынан 15 млнғ теңгеге жуық қаржы бөлген.

АЙМАҒАМБЕТ БАРЛЫБАЕВ , БАРЛЫБАЙ ШӘУКЕРҰЛЫНЫҢ БЕСІНШІ ҰРПАҒЫ:

- Барлыбай атамыздың 4 бірдей баласының да атағы шыққан кісілер. Өз заманында үлкен кәсіпкер болып, халыққа қызмет етіп, би-болыс болған аталарымыз. Оның ішінде Тәбей, оның баласы Тәштит, Алжыған атамыздың баласы Ақыш, Көкен сері атамыз мінекей осы кісілер осы қормыда жерленген. Сондықтан біз осы кісілерді еске аламыз ұрпақтары бола отырып.

1917 жылдың желтоқсан айында Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Ол жерде Алаш автономиясының қарулы әскерін жасақтау туралы шешім қабылданады. Алаш әскерін жасақтау, оны қару-жарақпен, киім-кешекпен жабдықтау мәселесіне әр өңірдің беделді әрі дәулетті байлары да белсене араласады.Солардың қатарында Барлыбайдың немересі Әлти қажы да бар.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК , ТІЛШІ:

  •  Еліміздің іргетасын бүтіндеп, шекарасын шегелеп берген Алаштың ардақты ұлдарының бірі ақын-жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов 1918-ші жылы дәл осы жерде жиын өткізді. Сол кезде оған осы өңірге танымал болған Әлти есімді би қолдау көрсетіп, Алаш әскерін құруға көмек көрсетті.

Сол жылдың шілдесінде Әлти қажының қонысында Қызылжар және Көкшетау уездерінің 22 болыс өкілдерінің қатысуымен үлкен жиналыс өтті. Кей деректе жиында әр ауыл мен болыстан келген 15 мың, енді бір құжаттарда 20 мың адам бас қосты делінген. Олардың басты мақсаты Алаш мемлекетінің әскери кеңесін құру еді.

СҰЛТАН-ХАН АҚҚҰЛЫ ЖҮСІП, «АЛАШ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

  •  Ол кезде қазақтан шыққан кәсіби офицерлер аз болатын. Сол себепті Алаш әскері сол күннен бастап жасақталған. Әскери кеңес құрудан бірнеше ай бұрын осы Семей қаласында тұңғыш атты әскер бполкі жасақталып, жаттығудан өтті. +3,25 Сол кезде Әлти бабамыз сол Алаш әскерін құруға қаржы бөліп, жылқы беріп, жігіттерін жинап берген азаматтардың бірі.

Кейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Петропавлға келген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері «Солтүстік Қазақстан және Алаш» халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, Алаш партиясының құрылуы, Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы рөлі мен орны туралы өзара пікір алмасты.  

ДИҚАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

  • Бүгінгі конференцияның маңызы елдік деңгейдегі дәржесі бәріміз үшін биік. Өйткені Солтүстік Қазақстан желдің өтінде тұрғандықтан тарыхымыздың өткелі болып отыр. Осыны ескере отырып ел зиялылары әсіресе Алштанушылар Алашты солтүстік өңірмен байланыстырып, тағы бір парықтау зерделеуді маңызды деп есептеді.

Шара барысында қонақтар «Жамбыл ауданының атақты тұлғалары» атты көрмені де тамашалай алды.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ 75 ЖАСТА
20:44, 22 қазан 2021
АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ 75 ЖАСТА
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫ КЕЗДЕСТІ
20:38, 22 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫ КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...