ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

«СЫЛАҢ ҚЫЗ» - ПРЕМЬЕРА

17:23, 11 қараша 2021

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Жүсіпбек Аймауытовтың «Сылаң қыз» спектаклі қойылды. Сатиралық пьессада өткен ғасырдағы қазақ тұрмысындағы мәселелер көрсетіліп, ерке қыздың баянсыз махаббаты суреттеледі. Қойылымды көрген тілшіміздің бейнематериалына назар аударайық.

Өткен ғасырдың 20-жылдары  Б. Майлин, Ж. Аймауытов, Қ. Кемеңгерұлы және олардың замандастары комедияға қалам тербеді. Себебі қоғамның кейбір мәселелерін қозғау үшін комедия ең оңтайлы жанр.   Осындай шығармалардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың «Сылаң қыз» пьесасы. Шығармада қалаға оқуға кеткен ғашығын күтумен болған кедей қыздың тағдыры баян етіледі. Сондай ақ спектакльде қазақ тұрмысындағы әйел теңсіздігі және сауатсыздық сынды сол заманның мәселелері көрсетілді. «Сылаң қыз» сатиралық пьесасының режиссері  Дәурен Тойбазаров.

ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, ҚОЙЫЛЫМ  РЕЖИССЕРІ:

- Бұл жерде әйел теңдігі болғанда, енді сол дәуірде әйелдің билігі жоқ болды ғой. Ол кез патриархалды  заман  болғандықтан мынау пьесадағы басты кейіпкер Бәтима әкесінің айтқанынан шыға алмай, оқып білім ала алмады. Тіпті күйеуге шығуына дейін  әкесінің  шешімімен еді.Соның бәрі спектакльде суреттеледі.  Бірақ менің режиссерлық шешімімен спектакль соңына өзгеріс енгізіліп, қос ғашық  қосылатын болады.

Спектакль желісі бойынша басты кейіпкер Батима қалаға оқуға кеткен ғашығы Мақсұтты  күтумен болады. Ал әкесі қу тіршіліктің қамымен саудаға беріліп кеткен сараң адам. Қызының өміріне селқос қарағаны соншалық тұрмысқа шығар уақыты КЕЛГЕНІН байқамайды.Қара басының қамын ойлап жалғыз қызын байдың кеміс баласына ұзатпақ ниеті болады. Ауылында сөз салған жігіттер көп болғанына қарамастан, қыз ешқайсысына бет бұрмайды. Сүйіктісіне деген адалдығың соңына дейін сақтап, Мақсұтпен шаңырақ көтереді. Спектакль көрермен көңілінен шығып, зор қошеметке ие болды.

ДУЛАТ ТӨЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЁРІ:

- Сөздің шыңы керек коммедия ойнаған өте қиын екен. Өзім драма трагедия жанрына жақынмын. Әрине актёр болғаннан  кейін  рөл таңдамаймыз. Режиссер қандай рөл берсе соны сомдауға тырысамыз.Мен сомдаған саудагер әке ол дүниеге беріліп қызының тіпті бойжетіп қалғанын байқамай қалған сараң адамның образы.

Әр шығармадан алатын бір түйін бар. Режиссер осы қойылым арқылы саудагер  әкенің қателігін  қайталамай, бала тәрбиесіне неғұрлым жауапты қарауға шақырады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...