ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

СЫРЫМБЕТ ҚОНЫСЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛІП ЖАТЫР

17:04, 23 тамыз 2021

СҚО-да мемлекеттік қорғауға 600-ге жуық тарихи және мәдени ескерткіш алынған.  Оның 8-інің республикалық маңызы бар.  Ал, Сырымбет қонысында қазіргі таңда ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл Уәлихановтар мекенінде тұрғын үй мен медресе жөнделіп, қоршауы ауыстырылып жатыр.

Сырымбет қонысындағы рестАврациялық жұмыстарды мамандар қыркүйекте аяқтаймыз деп отыр. Бұдан бөлек, облыстық тарихи-мәдени мұраны пайдалануды қорғау орталығының мамандары СҚО прокуратурасымен бірлесіп тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша кешенді жоспар әзірлеген екен.  Оның аясында облыс бойынша ескерткіштерге мониторинг жүргізілді.

РАХАТ МӘМБЕТАЛИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз шілде айында облыс бойынша барлық ескерткіштерге барып, тексеріп шықтық. Нәтижесінде 4 меншік иелеріне заңнаманы  бұзушылықты жою үшін ұйғарым қағаз берілді. Яғни олар ескертішті дұрыс күзетпеген, аумағында қоқыс болған.  Сондай-ақ облыстық прокуратурамен бірге осы жылы Долматово елді мекенінде археологиялық зерттеулер жүргізілді. Енді біз осы жылы қыркүйек айында Петропавл қаласында да археологиялық зерттеулер жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...