ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ТАНЫМАЛ ХОРЕОГРАФ М.ЛАХТИН 63 ЖАСҚА ТОЛДЫ

20:42, 16 мамыр 2022

Өңірге танымал хореограф М.Лахтин 63 жасқа келді. «Мәңгілік» би ансаблінің негізн қалаған М.Лахтин ансамбілді 4.5 жыл ішінде халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жеткізді.Хореографты құттықтау кешіне туыстары, әріптестері сонымен қатар шәкірттері де қатысты.

 Михаил Лахтин өз өмірін толығымен  өнерге арнаған жан. Осыған орай мерейтойы сахнада өтуде. Бұл салтанатты  кеште  хореограф жүргізуші рөлінде. Айтуынша сценарийді өзі жазған.

 МИХАИЛ ЛАХТИН, ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ "МӘҢГІЛІК" БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ, МЕРЕЙТОЙ ИЕСІ:

 - Бүгінгі күн мен үшін өте маңызды, өйткені мен үлкен бір белесті бағындырып, 63 жасқа толып отырмын. Мен енді заңды түрде зейнетке шығуым керек, бірақ шығармашылық жоспарым бар. Бүінгі кеште көрермен біздің 4,5 жыл бойы атқарған еңбегімізді тамашалайды.

Михаил Лахтин 63 жылының 40 жылын биге арнаған.Хореграф шығармашылық жолын 1974 жылы "теміржолшы"МҮ ансамблінде бастап 1977 - ші жылы бүкіл кеңес одағына әйгілі "Арай" би ансамбліне ауысады. Ал 1983-ші жылы Михаил Лахтин өзінің алғашқы "Өзен"би ансамбілін құрды. Қазіргі таңда «Мәңгілік» би ансамбілінің жетекшісі. Хореграфты мерейтойымен шәкірттері де құттықтады.

ЕКАТЕРИНА НЕЛЮБИНА,  «ҚУАНАМЫН» БИ АНСАМБЛІНІҢ БИШІСІ:

 – Ең алдымен жетекшіміз М.Лахтинды туған күнімен құттықтаймын оған мықты денсаулық пен сәттілік тілеймін. Ансамбльде өнер көрсетіп жүргенім үшін алғысым шексіз. М.Лахтин талапшыл, қатаң, бірақ соған қарамастан  қалжыңдасып көңіл күйімізді көтереді, өте мейрімді адам.

Сахнада қазақ, орыс, украин, молдаван, венгр халық билері биленді. Зейнет жасына жетсе де, шығармашылық идеяға толы, өнер жолында өзіндік ізін қалдырғысы келетін хорегораф болашақта да өңір атын үлкен байқауларда шығарамын деп отыр.

 

Алдияр Жылкайдаров

Тақырып бойынша материалдар

ПУАНТИЛИСТ СУРЕТШІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
13:03, 27 маусым 2022
ПУАНТИЛИСТ СУРЕТШІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...