ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ТАРИХТЫҢ ӨЗІ, ӨТКЕННІҢ КӨЗІ

17:20, 21 қаңтар 2022

Тарихтан сыр шертетін жәдігерлер! «Основание» серіктестігінде ерекше музей жұмыс істейді. Алғашқы кезде мұражайға тек құрылыс құралдары ғана қойылса, қазір онда өткен ғасырларда тұрмыста қолданылған заттарды да кездестіруге болады. Кәсіпорын қызметкерлері оларға тарихтың өзі, өткеннің көзі деп қарайды. Тақырыпты әріптесім Нұрбол Балғабеков жалғастырсын.

Өткен ғасырдан сыр шертетін музей «Основание» серіктестігінің басшысы Сергей Тимофеевтің жұмыс орнында орналасқан. Мұражайда шамамен осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын тұрмыста қолданылған заттар сақтаулы. Кейіпкеріміздің айтуынша музейді ашу идеясы осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған екен.  

СЕРГЕЙ ТИМОФЕЕВ, «ОСНОВАНИЕ» ЖШС БАСШЫСЫ:

«Осыған ұқсақ музейді осыдан екі жыл бұрын Қызылжар ауданына қарасы Соколовка елді мекенінде көрдім. Кейін неге маған да осындай мұражай ашпасқа деген ой келді. Бас кезінде мұнда тек өзімнің және әріптестерімнің құрылыс құрылдары қойылған болатын. Содан соң, достарым, бауырларым, туған-туыстарым өткен ғасырдан сыр шертетін басқа да дүниелерді әкеле бастады. Сондай-ақ, қаладағы ескі үйлердің орнына құрылысқа дайындағанда тұрмыста қолданылған ескі заттар табылды.»

Кейіпкеріміздің айтуына қарағанда, мына «вена» орындығын ата-бабаларымыз осыдан шамамен 100 жыл бұрын қолданған. Оны Сергей Петрович ескі үйлерді сыру барысында тауып алыпты. Кейін жақсылып қалпына келтірген екен.

СЕРГЕЙ ТИМОФЕЕВ, «ОСНОВАНИЕ» ЖШС БАСШЫСЫ:

«Бұл орындықтар өте нашар жағдайда болды. Мен оны жақсылып реставрациядан өткіздім. Бұл өткен ғасырларда өмір сүрген азаматтардың ерен еңбегі ғой. Оны далаға лақтыруға болмайды. Сондықтан қалпына келтіріп, музейге әкіліп қойдым.»

Музейде Сергей Петровичтің құрылыста қолданған заттары да бар. Мәселен мына құралды теодолит деп атайды. Ол 1954 жылы шығарылған.

СЕРГЕЙ ТИМОФЕЕВ, «ОСНОВАНИЕ» ЖШС БАСШЫСЫ:

-  «Бұл теодолит деп аталатын құрал 1954 жылы шығарылған. Оның көмегімен бұраштарды, қашықтықты өлшеуге үйрендік. Қазір де бұл затпен жұмыс істеуге болады. Бірақ, қазір заманауи ыңғайлы түрлері пайда болды. Сондықтан мен музейге қойдым.»

Сергей Тимофеев құрылыс саласына 80-ші жылдары келген екен. Қатардағы жұмысшыдан бастап, басшы лауазымына дейін көтеріліпті. Ерекше хоббиға ден қоюы да осыдан болса керек.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

Мұражайда сонау 1883 жылдан бергі жәдігерлер сақталған. Әсіресе мұнда сағат, телефон, самауырлар, фотоапараттар және тағы да басқа дүниелерді кездестіруге болады. Бір сөзбен айтқанда өткен ғасырларда тұрмыста қолданылған барлық дерлік заттар музейде өз орнын тапқан.

Айта кетейік, музей күн сайын жаңа экспонаттармен толығып отырады. Келемін деушілерге есік ашық, дүйсенбі мен жұма аралығында жұмыс істейді.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

ПУАНТИЛИСТ СУРЕТШІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
13:03, 27 маусым 2022
ПУАНТИЛИСТ СУРЕТШІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
13:02, 17 маусым 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...
ӘДЕБИ МАРАФОННЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
20:39, 6 маусым 2022
ӘДЕБИ МАРАФОННЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...