ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ТЕАТР АКТЕРЛЕРІ «ҮЗДІК АКТЕРЛІК АНСАМБЛЬ» АТАНДЫ

17:20, 5 мамыр 2022

20-сы мен 24-ші сәуір аралығында Ақтөбе қаласында V Халықаралық «Balausa» экспериментальды спектакльдерінің фестивалі өтті. Оған 8 театр ұжымы қатысты. Олардың арасында С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма теартының ұжымы да бар. Қызылжарлық сахнагерлер «Үздік актерлік ансамбль» номинациясының иегері атанды.

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды драма театрының әртістері Халықаралық «Балауса» фестивалінде сербиялық жазушы Бранислав Нушичтің «Қарапайым адам» комедиясын көрермендерге ұсынды. Туындының қоюшы режиссері Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Барзу Абдразаков. Халықаралық фестивальде 11 актер өз өнерін көрсетті. «Қарапайым адам» комедиясы театр репертуарына былтыр қосылды.

 АЙБОЛ ҚАСЫМ, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ:

- Бір ауылдағы тыныш жатқан бір отбасының үйінде болып жатқан оқиға.  Оның ішінде үй исі Әбудің достары арасынлдағы қарым-қатынас, дсотық, көмек және Айко мен Ақжанның арасындағы махаббат. 

 «Балауса» Халықаралық фестиваліне облыс актерлері үшінші рет қатысып жатыр. 2017 жылы сахнагерлер қоюшы режиссеры Фархат Молдағали мен Рақымжан Отарбаевтің туындысы - «Қасірет» спектаклін қазылар назарына ұсынды. Сол жолы «Үздік режиссерлық дебют» номинациясын және 2019 жылы М. Жұмабаевтің «»Шолпанның күнәсі  қойылымын ұсынып, бас жүлде гран-приді жеңіп алды.  

 ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- «Балауса» фестивалі бізге не береді? Бұл жерде 8 театр қатысыппыз. Іріктеу кезі болады, ұйымдастыру жағында әр театр алдын ала видео жібереді. Сол арқылы олар талқылап, қай спектакль жарамды. 11:23-11:46 біздің шығармашылық топ үшін үлкен қуантарлық жағдай ғой...деңгей қай жерде келе жатыр.

 Өнер иелері батыс өңірінде өткег фестивальге қатысып қана қоймай, сондай-ақ,  Ақтөбе және Орал қалаларының көрермендеріне үш күн бойы  4 спектакльді ұсынды. Сондай-ақ, облыстық қазақ сазды драма театры Ақтөбе қаласындағы «Алақай»қ уыршақ театрымен меморандумға отырды.

 БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-3 Екі театр арасындағы достық, творчестволық қарым-қатынас, алмасу гастрольдер.... сондай қолдау таптық. Жалпы, «Үздік актерліл ансамбль» номинациясы нағыз театрға керек номинация. Сондықтанда сол абыроймен 8 театр ішінен топ жарып, үздік ансамбльді алдық .

 Театр ұжымы алдағы уақытта «Құлеке батырдың» қойылымына дайындықты бастамақ. Сонымен қатар, күзде еліміздің оңтүстік аймақтарына  гастрольдік сапарға шығады.  

Тақырып бойынша материалдар

ПУАНТИЛИСТ СУРЕТШІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
13:03, 27 маусым 2022
ПУАНТИЛИСТ СУРЕТШІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...