ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ТЕҢГЕ-ТИЫННАН, ЫНТЫМАҚ-ҰЙЫМНАНТЕҢГЕ-ТИЫННАН, ЫНТЫМАҚ-ҰЙЫМНАН

20:44, 11 қараша 2021

Елімізде 15 қараша ұлттық валюта күні атап өтіледі. Биыл төл валютамыздың айналымға қосылғанына 28 жыл. Осыған орай  СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде  «Теңге-тиыннан,Ынтымақ ұйымнан» атты жылжымалы көрме өтті.

Теңге басқа символдармен қатар ел егемдігінің шынайы атрибуты болып табылады. Айналымға қосылған сәттен бастап елдің экономикалық және әлеуметтік  өміріндегі сынақтардан сәтті өтті. Көрме қонақтарының назарына Ұлттық банк шығарған монеталар коллекциясы таныстырылды. Сондай-ақ, “Қолданбалы өнер”, “Атақты мешіттер”, “Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары”, “Қазақстан фаунасы” сынды экспозициялар бар. Көрме 11 қарашадан 18 қараша аралығында жұмыс істейді. Іс-шараның негізгі мақсаты қонақтарды Қазақстан тарихына қызықтырып, патриоттық сезімге баулу.

АҚМАРАЛ ЕЛЕУСІЗОВА, «АБЫЛАЙХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МҰРАЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚОР САҚТАУШЫСЫ  :

- Белгілі бір кезеңде ұлттық валютаны енгізу мәселелерін әрбір мемлекет өзі шешеді. 1993 жылы Ресей банкі ақша реформасын жүргісіп кеңесттік банкноттар ақша айналымынан алынады. Егерде кеңестік банкноттардың Қазақстанға ағылып келуі гиперинфлияцияға алып келер еді. Одан халық тұрмысы төмендеп, шекаралық сауда саттық тоқтар еді. Одан көптеген кәсіпорындар банкротқа ұшырып жұмыссыз көбеюі мүмкін еді. Бірақ ұлттық валютамыз бұл мәселенің алдын алды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...