ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРДАСЫ

20:47, 24 қараша 2021

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өртке қарсы қадағалау басқармасының аға инженері Марина Самойленко 7 жыл қатарынан күн сайын осылайша әріптестерін қарсы алады.  Ата-анасы оның өздері сияқты мұғалім болғанын қалады, күйеуі бизнеспен айналасуға шақырды.  Алайда Марина өмірлік ісін мүлдем басқа саладан тапты. 

МАРИНА САМОЙЛЕНКО СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

- Алғаш рет мұнда жастар тәжірибесін өтуге келдім.  Содан бері төтенше жағдай департаментіндегі қызметім үзілген емес.  Бұл мен бала кезден таңдаған кәсібім, құтқарушы болғым келді. Жұмысым оңай есем, бірақ маған ұнайды.  Өзімді мұнда үйімде жүргендей сезінемін. Әріптестерім жақсы. Бір бірімізді үнемі қолдап жүреміз.

Марина төтенше жағдайлардың алдын алу үшін негізінен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

МАРИНА САМОЙЛЕНКО, СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

- Тәуелсіздіктің құрдасы екенімді мақсатн тұтамын.  Мен дүниеге келген жылы еліміз де тәуелсіздік жолында алғашқы қадамдарын жасады.  30 жылдың ішінде қаншама жұмыс атқарылды, еліміз қанша белестерді бағындырды. Біз де қиындыққа қарсы тұрып, үнемі өзімізді жетілдіріп отыруымыз керек. Мемлекетке аз болса да пайдамызды тигізуге міндеттіміз.

Марина Тәуелсіздіктің өзге құрдастары сияқты жемісті еңбек етіп келеді. Ел болашағы жарқын болатынына сенімді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...