ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 600 СЕКУНДЫ

20:47, 4 маусым 2021

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік  тұмары» атты іс-шара өтті. Тәуелсіздіктің 600 секунды деп аталатын кездесулер тізбегінде бүгін Ұлттық Ұлан әскери институтының оқытушылары тікелей эфирге шықты. Ұстаздар Әнұран, Елтаңба және Туымыздың тарихы туралы дәріс оқыды. Келесі бейнематериалға назар аударайық.

«Тәуелсіздіктің 600 секунды». Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кездесулер облыстық кітапханада дәсүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұған дейін Ұлттық Ұлан әскери институтының оқытушылары онлайн форматта Наурыз, 7 мамыр және Жеңіс күніне орай дәрістер оқыды. Әр іс-шарада офицерлер ел тарихында алтын әріппен өрнектелген оқиғаларға тоқталып, олардың маңыздылығын түсіндіреді.

ГҮЛНАЗЫМ БАЙСАЛДИНА, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

-  «Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Сонымен қатар, тарихтан сабақ беру. Бүгінгі күні жалпы тарихтың мақсаты – келер ұрпақты өткен ұрпақтың тәжірибесі арқылы тәрбиелеу. Сол себепті осы шаралар тек қана тарихты оқитындарға ғана емес, тарихқа қызығушылық білдіретіндердің тарапынан қызығушылықты тудырып отыр.»

"Тәуелсіздіктің 600 секунды" деп аталатын кездесулер тізбегінің аясында ұйымдастырылған іс-шаралар барысында оқырмандардан түрлі тақырыпқа сұрақтар мен өтінімдер келіп түседі”, - дейді Елена Скакунова. Басым бөлігі ел егемендігіне қатысты.                                       

ЕЛЕНА СКАКУНОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАНЫҢ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

- Онлайн кездесу барысында біз Қазақстанның тарихына тоқталамыз. Жалпы тікелей эфирдің өту уақыты 30 минут. Оған шамамен 60-қа жуық оқырман қосылып, тыңдап өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алады. Мұнымен қоса, эфир аяқталғасын біз оны парақшада сақтап қоямыз. Осылайша жерлестеріміз өздерінің пікірлерін қалдыра алады.

Облыстық кітапхана және Ұлттық Ұлан әскери институтының бірлесе өткізетін кездесулер циклы жылдың аяғына дейін жалғасады. Ал, желтоқсанның 16-ы офицерлер барлық іс-шараларды қосып тұтас бір фильм жасамақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
20:54, 9 маусым 2021
«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...