ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖЕМІСІ

13:03, 26 ақпан 2021

Егемендіктің алғашқы жылында облыстың Тимирязев ауданына алғаш болып Монғолиядан 215 отбасы көшіп келді. Солардың қатарында Дөтей Балдық пен Дәметкен Ыбырай да бар. 1992 жылдың тамыз айында Белоградовка ауылына қоныстанған қандастарымыз,қазір ұлын ұяға, қызын қияға қондырған үлкен әулет болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қоныс аударған жерлестерімізбенбен әріптесім Майгүл Сейілбек тілдесіп қайтты.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізді деген хабарды  естігенде Монғолиядағы Дөтей Балдық пен Дәметкен Ыбырайдың қуаныштарында шек болмапты. Дөтей ата өз атамекеніне оралуға бел байлайды.

ДӨТЕЙ БАЛДЫҚ, БЕЛОГРАДОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Басқа жердің аты басқа жер. Мысалы, Монғолияда бір тойға барсаң да өз Отаныңдай болмайды. Отаның, өз елің, өз жерің деген ол қуанышты нәрсе. Сондықтан ол кезде апыр-топыр болды. Алла тағала мына Назарбаевтың берген приказымен ол кездегі камаздың, артылған жүктің, халықтың тілеген тілеуі деген атты болды. Сондықтан соны естіп осында келдік. Еліміз, жеріміз, Отанамызы деп келдік.

1992 жылы Тимирязев ауданының Белоградовка ауылына Монғолиядан «Көші-қон» бағдарламасымен 215 отбасы көшіп келді. Дөтей ата мен Дәметкен әже біздің өңірге сол жылдың тамыз айында өздерінің 8 баласымен келген. Көп балалы отбасына Үкімет бірден құжаттарын реттеп, баспана мәселесін де шешті.

ДӨТЕЙ БАЛДЫҚ, БЕЛОГРАДОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Содан бері қарай міне 30-дай жыл мекен етіп жатырмыз. Осы өңірде біздің жағдайымызға сиырымызды, малымызды жан сақтауға осы атамекенге келдік. Осыған көп көмек көрсеткен азаматтар болды. Олардың жақсылығын айту керек. Отын,судан бастап жағдайымызды жасады. Үйімізді берді.

Белоградовка ауылында қандас бауырлар үшін жаңадан 78 үй салынды. Көшіп келгендерге егін шаруашылығымен айналысу үшін 15 гектар жер және  мал өсіруге адам басына 1 сиыр, 2 койдан және жылқы бөлінді. Дөтей ата мен Дәметкен әже 6 қыз,2 ұл өсіріп, тәрбиелеп қазір олардан 30 немере сүйіп отыр. Ұл-қыздарының барлығы да дерлік мұғалім мамандығын таңдаған. Бірі Нұр-Сұлтан енді бірі Петропавлда, тағы бірі Белоградовканының өзінде тұрып, еліміздің өркендеп-дамуына сүбелі үлестерін қосып жүр.

ДӘМЕТКЕН ЫБЫРАЙ, БЕЛОГРАДОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біз осы жаққа өзіміздің қазағымыз, туған жеріміз деп келдік. Бұл жерден жамандық көрген жоқпыз. 8 баламызбен келдік. Барлығын да оқуға орналастырдық. Жергілікті әкімшілік көмек көрсетті.  8 баламыздың барлығы да мектепте мұғалім болып жұмыс істейді, келіндеріміз де бухгалтер.

Дөтей атамыз Монғолияда  жол-көлік патрульдік қызметте 40 жылдан астам уақыт, кейін Тимирязев ауданында шаруа қожалықтарының бірінше  жыл бойы есепші болып жұмыс істесе, Дәметкен әжей балабақшада тәрбиеші болып 30 жылдан астам уақыт еңбектенген. Кейін 1991 жылы 46 жасында зейнет демалысына шықты. Сонымен қатар, алтын құрсақты ана «Алтын алқа» иегері. «Қызын қияға, ұлын ұяға» қондырған Дөтей ата мен Дәметкен әжейдің биыл шаңырақ құрғандарына 55 жыл. Соның 30 жылын атамекен - Қазақстанда өткеріп жатыр.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...