ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДА ҚАҚТЫҒЫСҚА 26 ЖЫЛ

17:24, 7 сәуір 2021

Петропавлда тәжікстан мен ауғанстан шекарасында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық сарбаздарды еске алды. 1995 жылдың 7 сәуірінде Пяндж өзенінің бойындағы Пшихавр тау  шатқалында моджахедтер  біздің жасақты қоршауға алып,  шабуыл жасады.  Бұл оқиға Қазақстанның әскерін бұрын соңды болмаған әскери шығынға әкелді.

Тәжік-ауған шекарасында болған қақтығысқа биыл  26 жыл.    Пшихавр таулы шатқалында  әскерилер мен моджахедтер  арасында 4 сағаттан аса уақытқа созылған ауыр  ұрыс болды. Сол  шайқаста әскери борышын өтеп жүрген  қазақстандық 17 жауынгер қаза тапты. Тағы 40-қа жуық сарбаз  түрлі ауыр жарақат алды. Бүгінгі шарада жауынгерлердің ерлігіне тағзым етілді.

АСҚАР ЖӘМЕНОВ, «ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР ОДАҒЫ» РҚБ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Бүгінгі кеште біз тәжік ауған шекарасында қайтқан жігіттерді еске алуға біздің ескерткіштің басына жиналып отырмыз. Біз жылда жиналамыз. Ешкім де ұмытылған жоқ, ешкім де ұмытылмайды. Әрқашан бізх тәжік ауған шекарасында қайтқан жігіттерді еске алып осы жерге 7-ші сәуір келеміз.»

Жау жүрек сарбаздарды ардагерлер кеңесі мен қала тұрғындары жыл сайын еске алады. Бұл жылы да шара барысында жиналған қауым әдеттегідей ерлікпен қаза тапқан жерлестерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды.

АСҚАР ЖӘМЕНОВ, «ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР ОДАҒЫ» РҚБ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Бір моджахет қайығымен біздің жаққа өтіп келе жатыр екен. Тәжікстанға қарай Ауған азаматы. Біз Ауған азаматын предупредительный автоматпен атып, ұстап алдық. Қайығында есірткі, заңсыз қару-жарақтар болды. Біз осылай міне Ауған азаматын ұстап алғанбыз.»

Қазақстандық жауынгерлер тәжік-ауған шекарасында қызметтік міндеттерін адал орындады. Сарбаздар шекара шебіндегі ең қиын аумақтың тыныштығын күзетті. Ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың есімі қазақстандықтардың есінде мәңгі қалмақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...