ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

17:23, 10 қыркүйек 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және тілдер апталығы аясында облыс орталығында  аймақтық жас ақындар айтысы өтті. Сөз додасына Көкшетау мен Петропавл қалаларынан  8 айтыскер қатысты.

Ақтілек Хайымхан Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 2-ші курс студенті. Мұнымен қоса, «Ерік Асқаров атындағы жас ақындар» мектебінің тәрбиеленушісі. 12 жасынан айтыс өнеріне қызығушылық таныта бастаған жігіт бүгінгі додада Көкшетаулық ақынмен кездесті.

АҚТІЛЕК ХАЙЫМХАН, ЖАС АҚЫН:

- Қазіргі қоғамда жиі кездесетін, қатты талқыланып жатқан мәселелерді көтердім. Мәселен, орысша атауларды қазақшаға ауыстыру. 2018-2019 жылдары Көкшетауда барлық көшелерді қазақшыландырды. Сол сияқты біздің жақтада қазақ тілін жаңдандыру жүріп жатса тіл мәртебесі көтерілер еді. 2,52 Қарсыластың осалы жоқ. Бүкілі де мықты.

Ал, айтыс десе ішкен асын жерге қоятын жас ақын Дәулет Құрмаш өнер сүйер қауымға жақсы таныс. Көптеген облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы бұл жолы да  жоғары деңгейде дайындалып келіпті.

ДӘУЛЕТ ҚҰРМАШ, ЖАС АҚЫН:

- Әрине, әрбір айтыста мәселелер көтеріліп тұруы заңдылық. Соңын ішінде қай елдің проблемасы қай тұрғыда ақсап тұр. Соны көтеруге тырысамыз. Тіл жайлы, қаланың атының өзгеруі жайлы. Осыны жастар естісе, солардың көңіліне жетсе екен деген ой ғой бізде.

Ақындарға берілген тақырып та оңай емес. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен тіл мәртебесі. Сөзге жүйрік, білгір, тапқыр 8 жас жыр-шумақтарында егемендіктің қастерлі ұғым, бабаларымыздан қалған мұра екенін айтып, тарихы бай көне қазақ тілінің маңыздылығына тоқталды.

АМАНЖОЛ ЗАҒЫПАР, АЙМАҚТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

- Біздің мақсатымыз біздің өңірдегі жас ақындардың тәжірибесін молықтыру үшін, білімін жетілдіру үшін, айтыстағы техникасын жетілдіру үшін, және үнемі бабында жүруі үшін аймақаралық айтысты өткізіп отырамыз. Ол үшін қалалық әкімдік қолдау көрсетуде. Бұл кісілерге алғыс айтамыз.

Нәтижесінде бас жүлде және 100мың теңге көкшетаулық жас ақын Нұрмахан Жақыпбекке, бірінші орын мен 80 мың теңге қызылжарлық Ақтілек Хайымханға, екінші орын және 60 мың теңге жерлесіміз Диас Аяған мен үшінші орын 50 мың теңге Абзал Жұмабекке бұйырды. Қалған қатысушылар да ақшалай сыйлықпен, алғыс хаттармен марапатталды.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
13:06, 27 қазан 2021
ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
Толығырақ...
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
17:21, 26 қазан 2021
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...