ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ТІЛІМ БАРДА АЙТЫЛАР СЫР ОЙДАҒЫ

20:46, 22 қыркүйек 2021

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында ҚР халықтары тілдерінің күніне орай «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға өңірдің зиялы қауым және өзге ұлт өкілдері, университет және колледж студенттері қатысты.

Солардың қатарында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 4-ші курс студенті Елизавета Забело да бар. Болашақ ұстаз қазақ тілін жетік меңгерген. Бойжеткеннің сөзінше әке-шешесі оны алдымен қазақ балабақшасына, кейін қазақ мектебінде білім алуға берген. Елизавета мемлекеттік тілдің деңгейін көтеруді өзінің парызы санайды.

ЕЛИЗАВЕТА ЗАБЕЛО,  М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

- Менің ата-анам елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан қазақ тілін оқысын, үйренсін деп қазақ балабақшасына берді. Осының арқасында мен Мағжан, Сәбит, ғабит сынды ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқи аламын. Осы үшін ол кісілерге үлкен рахмет.

АЙНАГҮЛ СЕКРЕНОВА, ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Негізгі мақсатымыз Қазақстан халықтарының достастығын нығайту. Өз тілімізді дәріптеу, насихаттау. Жас буынға тіл арқылы мәдениетімізді дәріптеу.

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ 75 ЖАСТА
20:44, 22 қазан 2021
АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ 75 ЖАСТА
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫ КЕЗДЕСТІ
20:38, 22 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫ КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...