ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

20:45, 24 қараша 2021

Ұлт көшбасшысы. Дәл  осындай атаумен Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға университет пен колледждің 20-дан астам студенті қатысты.

2010 жылдың 14 маусымында Қазақстанның Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт Көшбасшысы Елбасы болып жарияланды. Ол-тарихи кезеңде қазақстандықтардың тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, жаңа егемен мемлекеттің басшылығына келген бірегей тұлға. Ұзақ жылдар бойы Назарбаевтың басшылығымен еліміздің дамуына қатысты көптеген жобалар іске асырылды.

ДАЯНА БАЙМҰҚАНОВА, "JE СҚО ШТАБЫ" ҚБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде көптеген істер атқарылды. Бірақ жастарға қатысты жобаларға ерекше тоқталып кеткім келеді. Атап айтқанда: Жасыл Ел,  Дипломмен ауылга, Дарын, Болашақ. Білімді, әрі білікті жастардың көп болуы ел болашағының жарқын кепілі.

Биыл еліміз егемендіктің 30 жылдығын атап өтеді. Осы жылдар ішінде Қазақстан үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Жиынға қатысушылар жиын барысында Елбасының мемлекеттің қалыптасуындағы рөлін атап өтті.

НӘЗИРА ЫСҚАҚОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ:

Сонымен қатар кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Кітаптың тәуелсіздік жылнамасындағы рөлі"атты арнайы онлайн-жоба іске қосылды. Оны кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларынан табуға болады.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...