ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТЕТІГІ

17:23, 21 шілде 2021

Ұлтаралық келісім – татулықтың бір тетігі. СҚО-да түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп қана қоймай, жоғарғы оқу орнына білім алуға келеді. Жастар мен жалпы бұқара арасындағы бірліктің маңыздылығы жайлы мәселелерді күнделікті Қазақстан Халқы Ассамблеясы көтереді.  Ал бүгін  мұнда қоғамдық және жалпыұлттық келісім мен  бірліктің маңыздылығын айқындайтын үздік ғылыми жоба байқауы қортындыланды.  

Петропавл – көп ұлтты шаһар десек, артық болмас. Бүгінгі таңда қалада 120-дан астам ұлт өкілі тұрады. Осыған байланысты мұнда ұлтаралық татулықты насихаттаған түрлі шаралар мен жобалар ұйымдастырылып тұрады. Бүгін ұлтаралық бірлікке баулитын байқаулардың бірі қорытындыланды.

БОЛАТ БАЗАРБАЕВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

  • Бұл байқау – дәстүрлі. Былтыр өңір жастары республикалық деңгейде жобаларын қорғады. Биыл да 3 қатысушымыздың жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді. Айта кеткен жөн, қатысушылар түгел дерлік СҚУ-дің студенттері.

Байқауға қатысушылардың саны -3. Әрқайсысы өзіне жақын тақырып таңдаған. Рухани жаңғыру, Дін мен ұлтаралық мәдениет мәселесі және Қазақстан Халқы Ассамблеясының телеарнадағы рөлі.  Ұлтаралық мәдениет мәселесін Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-нің 1-ші курс студенті - Әмина Зікірина таңдапты. Осы тақырыпты ашып жазуға Үндістан мемлекетінен келген достары түрткі болғанын айтады.

ӘМИНА ЗІКІРИНА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

  • Мен ғылыми жобама Үндістаннан келген студенттердің Солтүстік Қазақстанға бейімделуі тақырыбын негіз етіп алдым. Менің Үндістаннан Петропавлға оқуға келген құрбым бар. Сол құрбымның көп көмегі тиді. Оның айтуынша, біздің ауа райы, менталитет, мәдениеттерімізде ұқсастықтар көп.  Сондықтан оларға біздің өңірге бейімделіп кету қиынға соқпайды екен.

Үздік жоба республикалық байқауға жіберіледі. Қазылар алқасы биылғы жобалардың үшеуін де жоғары бағалап, келесі кезеңге жіберді.

Индира Ахатқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНОЛЛА ӘКІМЖАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КЕШ
17:20, 21 қазан 2021
ЗЕЙНОЛЛА ӘКІМЖАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...