ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛА АҚЫНДАРЫ

20:37, 10 тамыз 2021

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана «Аттракциондар  әлемі» ЖШС бірге поэтикалық конкурс ұйымдастырды. Байқау онлайн режимде өтті. Бүгін оның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға  дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. 

Әр халықтың мәдениетін, дүниетанымын және философиясын бүкіл әлемге танытатын тұлғалары бар. Оларды ұлықтау ұрпақ парызы. Жыл сайын 10 тамызда «Абай күні» аталып өтеді. Сондай-ақ биыл Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Қос ақынның құрметіне С. Мұқанов атындағы  облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана мен «Аттракциондар әлемі» ЖШС бірлесіп « Ұлы Дала ақындары» тақырыбында поэтикалық конкурс ұйымдастырды.

ӘСЕЛ ШАЙХИСЛЯМОВА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

« Дәл осы күні біз қатысушыларды марапаттауды жөн көрдік. Облыстың барлық аудандарынан оқушылар қатысты. Басты талап Жамбыл Жабаевпен Абайдың өлеңдерін оқу болды. Сонымен қатар қатысушылар кітапхана мен «Аттракциондар әлемі» аккаунттарын белгілеу қажет еді.»

Байқауға облыстың аудандары мен Петропавл қаласынан 3-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысты. Конкурсқа қатысушылар өлең оқып, домбырада шығармалар орындады. Қазылар алқасы 2 номинация бойынша 3 жеңімпазды таңдады. Солардың бірі Қызылжар ауданынан келген Елизавета Радченко  Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқып «2 орын алды.

ЕЛИЗАВЕТА РАДЧЕНКО, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

«Абайдың туғанына биыл 176 жыл толып отыр. Ақынның туған күніне орай ұйымдастырылған байқауда  мен оның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқыдым. Мен Абайдың шығармаларын бала күнімнен оқимын. Ұлы ақынның шығармаларына деген сүйіспеншілігімді оятқан қазақ тілі пәні мұғалімі.»

Жамбыл Жабаев пен Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақындары. Халық поэзиясының көрнекті өкілдері, қара сөздің хас шеберлері. Жас ұрпақ олардың шығармашылығын бағалап, құрметтеуі маңызды.

Аяулым Жолмұқанова

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
13:06, 27 қазан 2021
ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
Толығырақ...
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
17:21, 26 қазан 2021
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...