ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

«ҰЛЫ ДАЛА ЖЫРШЫСЫ» ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ

20:40, 26 ақпан 2021

Биыл қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Осы атаулы датаға орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада «Ұлы дала жыршысы» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға Манаш Қозыбаев атындағы солтүстік қазақстан университеті  және Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің оқутышылары мен студенттері қатысты. 

Өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл Жабаев 1846 жылдың 28 ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді. Атамыз өнер бесігінде тербеліп өскендіктен ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Осы кездері де Сүйінбай Аронұлының ақ батасын алған. Көптеген суырып салма ақындармен сөз бәйгесіне түсіп, жүйріктерді жеңіп, шоқтығын асырып отырған. Жерлесіміз Диас Аяған да жыр алыбы секілді өз өмірін қара өлеңмен байланыстырған. Өткен жылдың ақпан айында жас айтыскер-ақын Жамбылдың туған жерінде өткен республикалық айтысқа қатысып, арнайы жүлдеге ие болды.

ДИАС АЯҒАН, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

- Жамбыл деген жырлары сондай отты, жалынды, халыққа рух беретін үлкен тұлға ғой. «Абай жазба әдебиеттің бастау болса Жамбыл ауыз әдебиеттің кеңжесі» дейді. Осы Жамбылдан басталған айтыс өнерінде өздеріміз де жүрміз.Жамбылды үлгі тұтамыз.

Жамбыл атамыз өлеңдеріне көбіне халықтың әлеуметтік-саяси өмірін, Патша үкіметінің отаршыл саясатын арқау етті. Ал, 1936-1945 жылдар аралығындағы жырлары 13 мың тармақтан асады. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Ұйымдастырушылардың сөзінше шараның басты мақсаты жастарды Жамбылдың шығармашылығымен таныстырып, соның көмегімен өскелең ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті ояту.

МАЙРА ӘШІМОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ  БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Бұл шараның мақсаты Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты жұртқа таныстыру. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Және осы шарамызға «Жүз жасаған Бәйтерек» атты Жамбыл Жабаев туралы кітап көрмесімен осы шараға келген қонақтарымыз танысты.

Облыстық кітапханада Жамбыл Жабаевтың құрметіне ашылған  көрмені қала тұрғындары мен қонақтары жылыдң аяғына дейін тамашалай алады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...