ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ҰЯДА НЕ КӨРСЕҢ, ҰШҚАНДА СОНЫ ІЛЕРСІҢ

17:18, 10 қыркүйек 2021

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2013-ші жылдан бері елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы күні аталып өтіледі. Өнегелі отбасы- қоғамның айнасы, мемлекетіміздің мығым тірегі. Петропавл тұрғындары Жамбыл және Сымбат Жүсіповтер көпке үлгі. Қылмыстық атқару жүйесінде еңбектенетін ерлі-зайыптылармен арнамыздың түсіру тобы танысып қайтты.

Отан – отбасынан басталады деген дана халқымыз. Жамбыл және Сымбат Жүсіповтердің отау құрып, шаңырақ көтергендеріне 6 жыл. Екеуіде қылмыстық атқару жүйесі департаментінде еңбек етеді. Жамбыл әйелдер колониясында яғни ЕС-164/6 мекемесі бастығының кезекші көмекшісі. Ал, Сымбат болса ЕС-164/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бір сөзбен айтқанда тергеу изоляторында бақылаушы. Ерлі зайыптылардың басын махаббат пен ортақ мақсат қана емес балалық арман да қосып отыр.

ЖАМБЫЛ ЖҮСІПОВ, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД ЕС-164/6 МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ КЕЗЕКШІ КӨМЕКШІСІ:

- О бастапқы міндетіміз біздің қадағалау және күзету. Сотталғандардың қашып кетуіне мүмкіндік бермеу. 1,29 Семьямызда да бар үлкен апам ІІМ-де жұмыс істейді. Сол себепті арманым болды. Осы форма киіп осы жерде жұмыс істеу.

СЫМБАТ ЖҮСІПОВА, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД ЕС-164/1 МЕКЕМЕСІНІҢ РЕЖИМ ЖӘНЕ КҮЗЕТ БӨЛІМІНІҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ:

- Бұл жұмыс бала кезімнен армандайтынмын. Бала кезде қызық еді ғой осылай форма кию, новостиларда көрсеткенде қызығатынмын. Кейін басқа факкультетке түсіп, тұрмыс құрып, ана атанып бұл арман кейінге шегерілді. Бірақ бала өскеннен кейін осы арманыды орындадым.

Жамбыл мен Сымбат екі ұлдың ата-анасы. Тұңғыштары биыл 1-ші сыныпқа барса, кенжелері 4-те. Ерлі-зайыпты жауапкершілікті талап ететін міндеттерін абыроймен атқарып жүр.  Десе де үй тірлігі мен бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөледі. Сымбаттың сөзінше берік әрі керегесі мықты отбасы болу үшін отбасында түсіністік болу керек.

СЫМБАТ ЖҮСІПОВА, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД ЕС-164/1 МЕКЕМЕСІНІҢ РЕЖИМ ЖӘНЕ КҮЗЕТ БӨЛІМІНІҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ:

- Біздің жұмыс оңай емес. Бірақ әйел адам өзінің төзімділігімен, шыдамдылығымен ерекшеленеді ғой. Әр ситуациядан қалай шығу керектігіне икемділігі болады. Балаға көңіл бөліп, үйдің шаруасы да бар. Әке-шешемізге көптен-көп рахмет. Осы кісілердің қол-қанаттарының арқасында бүгінгі күні жұмыс істеп те тату тәтті өмір сүріп келеміз.

Жүсіповтер жұмысбастылыққа қарамастан әр жыл сайын Отбасы күнін атап өтуге тырысады. Әдетте олар бұл күні табиғат аясына шығып, дем алады.

ЖАМБЫЛ ЖҮСІПОВ, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД ЕС-164/6 МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ КЕЗЕКШІ КӨМЕКШІСІ:

- Табиғат аясына шыға алмаймыз ауа-райы қолайсыз. Кіші баламды алып келіп, үйде бас қосамыз. Бір дастархан басында.

Қазіргі таңда Жамбыл бос уақытында үй құрлысының басында жүр. Ал, Сымбат болса оған барынша қолдау көрсетеді.  Олардың үлкен ұлдары Таир болса ержеткенде ата-анасының жолын қусам бе дейді.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...