ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

«ЫСҚАҚ» СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

13:04, 16 қыркүйек 2021

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында премьера. Бұл жолы киелі сахнада театртанушы Нұрислам Әбділдің пьесасының желісімен Ұлы Отан соғысының батыры, жерлесіміз Ысқақ Ыбыраевтың 110 жылдығына арналған «Ысқақ» спектаклі қойылды. Қара шаңырақ әртістері өнер сүйер қауымның назарына қойылымды вербатим драма жанрында ұсынды.

Нұрислам Әбділге Ысқақ Ыбыраев туралы пьеса жазу ұсынысы қазақ театры басшылығынан келіп түскен. Театртанушы 2 ай бойы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік архивіндегі құжаттарды зерттеп, бір ай ішінде 1 акт,4сахнадан тұратын шығарманы жазып шыққан.

НҰРИСЛАМ ӘБДІЛ, ТЕАТРТАНУШЫ:

- Ысқақ Ыбыраевтың өмірін қағаз бетіне түсіру барысында басқа өңірлердегі Бауыржан Момышұлымен, Мәлік Ғабдуллинмен иықтастыратын,  осы бір өңірде топырағын басып, ауасын жұтып жүрсекте арагідік атын бір естіп, ал шын мәнінде ерлігімен толыққанды сусындай алмай жүрген ұрпағы ретінде бүгін біз осы батыр атамыздың бейнесін көркемдік тұрғыда сахнаға шығаруға тырыстық.

Қоюшы режиссер Фархадбек Қанафинның сөзінше қойылымды дайындауға 1 айға жуық уақыт кеткен. Вербатим жанрының өзгешелігі  спектакль кейіпкердің  басынан кешкен оқиғалардан, диалогтар мен монологтардан тұрады.   

ФАРХАДБЕК ҚАНАФИН, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР:

- Осы даңқты тұлға, батыр өзінің сарбаздарын жеңіспен сәттілікке бастай білген, соғыстың тауқыметінен сарбаздарын аман алып шыққан осындай спектакль арқылы өскелең ұрпақта ұлтжандылықты тәрбиелеу үшін дәл осындай спектакльдер керек.

Ысқақ Ыбыраев СҚО-да 1911 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Отбасында 5 ұл бір қыз бала болған. 1930 жылы Петропавл қаласындағы педагогикалық училищені бітіріп, Есіл ауданындағы бірнеше ауылда 12 жыл бойы мұғалім болып жұмыс істейді. Ал, 1942 жылдың шілдесінде Кеңес әскері қатарына шақырылып, Горький қаласындағы әскери-саяси қызметкерлер курсын тәмамдады. Осы жылдың қазан айында Балтық жағалауы майданына жіберіліп, 50-полк рота командирінің саяси бөлімі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Висла-Одер операциясы барысында Ыбыраевтың взводы жаудың қорғанысын басып алып, ерлік көрсетті. Ол үшін 1945 жылы 27 ақпанда  «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.

Сахнада Ысқақ Ыбыраевтың бейнесін жоғары деңгейде сомдап шыққан актер Дүйсехан Қасым. Бұл оның алғашқы басты рөлі.

ДҮЙСЕХАН ҚАСЫМ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ:

- Ысқақ атамыздың рөліне дайындық барысында көптеген мағлұматты архивтен алдық. Видеороликтер қарадық. Ол кісі енді Кеңес одағының батыры, өр мінезді, жастарға тәрбиесі мол тұлға болғандықтан жауапкершілігі мол деп білемін.

1.5 сағатқа созылатын спектакль барысында қара шаңырақ әртістері Ысқақ Ыбыраевтың және оның сарбаздарының елімізді жаудан аман алып қалуы үшін қасық қаны қалғанша шайқасып, жеңіске жеткенін көрсетті. Жалпы, осы ретте елемізде вербатим жанрында қазақ тілінде қойылған бұл алғашқы қойылым екенін атап өткен жөн.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
13:06, 27 қазан 2021
ҚЫЗЫЛ ОБА КЕСЕНЕСІНЕ 55 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
Толығырақ...
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
17:21, 26 қазан 2021
«ШАЛҚЫМА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...