Петропавлда поэзия әлеміне қанат қаққан жас ақын Самрат Құскенов өзінің жүрек жарды туындысы «Жала мен жаза» атты жыр-жинағының тұсауын кесті. Іс-шара «Жанды кітап» жобасы аясында С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында тікелей эфирде ұйымдастырылды.
Жас ақынның «Інкәр жүрек», «Жала мен жаза» атты екі жыр жинағы бар. Бірінде лирикаға бой алдырса, екіншісінде ол азаматтық ұстанымын білдіреді. Іс-шара барысында оқырмандар қауымы сұрақтарын қойды. Сұхбаттың соңында ақын қонақ кәде ретінде «Кітап оқы, шырағым» атты өлеңін оқып берді.
САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, АҚЫН:
- 500 таралым. Осы Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов және де өзім туып, өскен Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылының кітапханасында табылады.
ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Әрине, кездесуге шақырудағы мақсатымыз оның шығармашылығымен, өзімен біздің оқырмандарымызбен таныстыру, және оның өлеңдерін насихаттау болып табылады.