ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ЖАНАТАЙ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛМАҚ

20:37, 17 мамыр 2021

Абылайдың сенімді серігі, үзеңгілесі Жанатай батырдың зираты сакралды ескерткіштердің қатарына енуі мүмкін. Мазар Есіл ауданы, Өрнек ауылында ораналасқан. Өңір тарихшылары атақты жауынгер жайлы мәлімет іздеп, оның өмір баянын зерттеуге кірісті. Ал, ауыл халқы елді мекенде Жанатай батырға ескеркіш қоймақ.

Бұл 1743 жылы қазақ даласында туып, өсе келе Абылайдың сенімді серігі, қарулас бауырына айналған Жанатай батырдың зираты. Есіл ауданына қарасты Өрнек ауылында орналасқан. Тұлғаның мазары сокралды ескерткіштердің қатарына енгенін қалайды. Ол үшін батыр туралы толыққанды мәлімет жинап, зерттеу қажет.

АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ -М .ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПРОФЕССОРЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Жанатай батыр жайлы халық аузында көптеген аңыз әңгімелер жүр. Енді соның бәрін зерттеу керек. Жанатай батыр қазақ жерін жаудан қоғаған тұлға. Сондықтан оның есімі тек ел аузында қалғаны дұрыс емес. Оның зиратын сокралды ескерткіштер қатарына енгузіге барымызды саламыз. Сонда жастар батыр жайлы біліп, оған қарап бой түзейді деген үміттеміз.

Жанатай батырдың қазіргі Өрнек ауылына қоныстануы жайлы түрлі аңыз бар. Соның бірі  - Абылай мен Жанатай батыр жорықтан келе жатып, Есіл жағасында орналасқан шөбі шүйгін, шұрайлы жерге көзі түседі. Жанатай Абылайдан осы жерге қоныстауға рұқат алып, осы аумақтағы қалмақтарды қазіргі Павлодар облысына дейін қуады. Осылайша елді мекен пайда болады. Қазір ауылда 44 үй түтін түтетіп отыр. Тұрғындардың арасында батырдан тараған ұрпақ та бар.

ЖОЛАМАН ЖАЙЛАУБАЙ, ЖАНАТАЙ БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫ:

Екі жақ керемет жекпе-жекке түйісіп тұрады. Сонда жоңағрлардың, қалмақтардың біздің батырлар ала алмай жүрген батыры болады мықты. Ал, онымен шығатын Жарманбет деген біздің батыр соғыста жараланып, жекпе-жекке шыға алмайды. Ал атамыз атын мініп, өз жекке шығып, қалмақтың батырын жеңген екен

ҚР ҰҰ Әскери институтының өкілдері мен облыс тарихшылары ауыл халқын жинап шағын конференция өткізді. Онда Жанатай батыр жайлы қызықты деректер айтылып, алда атқарылатын жұмыстар талқыға салынды.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Ауыл халқы мына тастардың үстіне Жанатай батырдың ескерткішін орнатып, маңайын саябаққа айналдыруды көздеп отыр. Сәтін салса бұл жоспар биыл жүзеге аспақ. Ал келер атақты жауынгер жатқан зират сокралды ескерткіштер қатарына енуі әбден мүмкін.

Ауылдың атауының шығу тарихына келер болсақ, кезінде Жанатай Батыр өзінің руымен осы аумаққа орналасқанда киіз үйлерді өрнек тәрізді етіп тіккізген екен. Содан бері ол Өрнек деп аталып кеткен.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
20:54, 9 маусым 2021
«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...