ҚР Еңбек сіңірген қоғам қайраткері, көрнекті ақын Кәкімбек Салықовтың 90 жылдық мерейтойын С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада да атап өтті. «Ұшқыр сезім, терең ойдың ақыны» атты әдеби-музыкалық кешке ақынның туыстары, оқырмандар, жастар қатысты. Бар ғұмырын қазақ өнеріне сарп еткен тұлға, артынан өшпес мол мұра қалдырды. Оның «Дала», «Сағыныш», «Жезкиік», «Бір ауыз сөз» сияқты қайталанбас туындылары оқырмандарға жақсы таныс.
С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында, жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері, аса көрнекті ақын Кәкімбек Салықовтың 90 жыл толуына арналған «Ұшқыр сезім, терең ойдың ақыны» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кәкімбек Салықовтың қазақ өнеріне берген рухани қазынасы бір төбе. Ақын «Дала», «Гәкку», «Жезкиік», «Домбыра» секілді көптеген поэмаларды дүниеге әкелді.
ЗАРАП ҚҰРМАНҚҰЛОВ, КӘКІМБЕК САЛЫҚОВТЫҢ ТУЫСЫ:
Кәкімбек Салықовтың өлеңдері өмірге деген құштарлықтан,сарқылмайтын сағыныштан туған. Ақынның тырнақ алды туындылары қырғыз, орыс, өзбек тілдеріне аударылған.
ДИАС АЯҒАН, М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының 2 курс студенті:
Көптеген шет ел ақындарын қазақша сөйлеткен К.Салықов саналы ғұмырында қазақ өнері мен мәдениетін дамытуға аянбай еңбек етеді. Ел алдында жасаған адал еңбегі үшін Парасат, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен марапатталады. Артында өміршең өлеңі қалған арда ақынын алашы ардақтап, ұрпағы ұлықтап өтері анық.
Алмагүл Тастанова