ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

«ZHULDUZGA QADAM» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

20:41, 3 тамыз 2021

Петропавл қаласындағы №1 өнер мектебінің өнерпаздары халықаралық байқаудан жүлдемен оралды. Алакөлде өткен «Жұлдызға қадам» халықаралық фестиваліне облысымыздан 5 жас өнерпаз қатысқан. Оның біреуі байқаудың бірінші дәрежелі лауреаты, екеуі екінші дәрежелі лауреаты атанса, ал Ульяна Трисеева фестивальдің Гран-При жүлдесін жеңіп алды. Байқау жеңімпаздарымен тілшіміз сұхбаттасқан болатын.

Ульяна Трисееваның әнді жанына серік еткеніне 8 ай ғана болған. Ол бұл байқауда эстрадалық ән орындады. Кіл мықтылардың ішінен суырылып алға шығу оңайға соқпаған екен. «Бұл бірнеше ай бойы үздіксіз дайындалған еңбектің жемісі»- дейді Ульянаның ұстазы Ирина Маркина.  Жас өнерпаз бұған дейін де бірқатар Халықаралық және Республикалық байқауларға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінген.  

УЛЬЯНА ТРИСЕЕВА, «ZHULDUZGA QADAM» БАЙҚАУЫНЫҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ:

- « Мен бұл байқауда «Припрыжка» әнін орындадым. Сахнада өзімді еркін ұстадым, еш қобалжыған жоқпын. Басқа өңірлерден келген өнерпаздар да мықты болды. Мені Бас жүлденің иегері деп хабарлағанда қатты қуандым. Марапаттау сәтте қуанышым қойныма сыймай сахнаға жүгіріп шықтым. Байқаудан әлған әсерім өте керемет.»

Аружан Әкпар байқаудың  2 екінші дәрежелі лауреаты. Ол Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы. Вокалға қатысып жүргеніне 4 ай ғана болған. Бұл оның алғашқы байқауы емес.

АРУЖАН ӘКПАР, «ZHULDUZGA QADAM» БАЙҚАУЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ :

- «Бұл конкурс менің есімде ұзаққа сақталары анық. Мен 13-15 жас аралығындағы санатта ағылшынша ән айттым. Уақыт тығыз болған соң қандай әнмен өзімді сенімді сездім, соны таңдадым. Мүмкін болашақта өмірімді сахнамен байланыстырамын.»

«ZHULDUZGA QADAM» байқауына 6 мен 20 жас аралығындағы 100-ден астам өнерпаз қатысқан. Жеңімпаздарға диплом, медаль, Бас жүлдеден бөлек Түркия, Қырғызстан елдерінде өтетін  «ZHULDUZGA QADAM» халықаралық фестиваліне қатысуға жолдама берілді.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...