ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ЖҮРЕКТЕ САҚТАЛҒАН СОЛ ЖЫЛДАР

20:34, 14 сәуір 2021

Жүректе сақталған сол жылдар.  Облыстық ардагерлер кеңесі   Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен облысымыздың құрылғанына 85 жыл толуына орай  ауқымды іс шара ұйымдастырды.   Жиынға елдің, облыстың дамуына сүбелі үлес қосқан  ақсақалдар қатысты.    

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада  есімдері өңірге белгілі аға буын өкілдері мен қалалық мектептердің  оқушылары жиналды. Ардагерлер соғыс жылдарынан бастап, тың игеру, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын одан кейін өңірді дамыту мақсатында жасаған жұмыстарын еске аллды. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді.  

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Болат Мағазұлы Сағындықов ауылшаруашылық саласында жарты ғасырдан астам еңбек етті. Зейнетке шыққаннан кейін қоғамдық жұмыспен айналысты.  «Память» қоғамдық қорын басқарады. Петропавлда саяси құғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал тақтаны орнату жұмыстарын ұйымдастырып, аяғына дейін жеткізді. Болат Сағындықов тіпті елімізде бүгін қолданып жүрген кейбір заңнын талаптарын өзгертуге де ықпал еткен.             

БОЛАТ САҒЫНДЫҚОВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

- Әкең кетті, шешең қалса бұрын ата-ана қарауынсыз қалған бала деп есептелінетін. Соған толықтыру енгізу керек болды. 12 жыл жұмсап, Нұр отанға барып, президентке хат жазып өзгерттік.  Қарлаг деген лагерьде  біздің әкелеріміз жатқан жер қараусыз қалған. Соған зират статусын беру үшін қазір сонымен айналысып жүрмін.

Кітапхананың мәжіліс залында облыстың құрметті азаматтары Жақсылық Ысқақов,  Нелли Иванова, Иван Куропаткин,Болат Сағындықов пен  Аслан Нехай жиналды.  Бұл зейнеткерлер жас кезінде елі, халқы, отаны үшін игі істердің бас-қасында жүрді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...