ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

2021 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

20:35, 23 ақпан 2021

Облыс экономикасының өсімін қамту үшін  басқарма басшылары әр айдың қорытындысын шығарып,  өңір басшысының алдында есеп береді.  Облыстық әкімдікте өткен кезекті жиналыста 2021 жылдың нәтижелері шығарылды.  Инвестиция тарту, өнеркәсіпте  біраз өсім байқалады.

Өнеркәсіп нысандары қаңтар айында 22,4 млрд теңгенің өнімін шығарып үлгерді.  Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2процентке көп.  Алайда ауылшаруашылық тауар өндірушілер болса 1,2 процентке  өнімін аз шығарды.  Бұл негізінен құс тұмауынан зардап шеккен құс фабрикалардың  әсері. Өңір басшысы жағдайды қалпына келтіру үшін амал-тәсілдерді қолға алып отырмыз дейді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қызылжар ауданының құс фабрикалары өткен жылы құс тұмауының салдарынан үлкен шығынға батты. Кәсіпкерлер мен құс өсірген тұрғындарға өтемақы ретінде  960 млн теңге төледік. Құс фабрикалары бұл қаражатқа  құс сатып алып, саланы қайта аяққа тұрғызуымыз керек.

Бір айда ет өндірісі 7 процентке, сүт өндірісі 10,6  процентке көбейді. Алайда мемлекеттен көрсетіліп жатқан қолдауларға қарамастан   Есіл мен Ақжар аудандарында қарқын байқалмайды.

АЛТЫНБЕК АБДУЛЛАЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өткен жылы аудандағы шаруа қожалықтарының бірінде бруцелез анықталып, 500 бас қара малды союға тура келді. Бірақ бірінші тоқсанда көрсеткіштерді қалыпқа келтіреміз.

Сүт пен ет өндірісін дамыту мақсатында өңірде  5 жылға негізделген ауқымды жоба іске асырылып келеді.  Ол үшін аудандарда бірқатар бордақылау алаңдары мен кем дегенде 52 тауарлы сүт ферманы ашу көзделген.

-  Өңірдің ауылшаруашылығын көтеру үшін қомақты қаражат қарастырылған. Кәсіпкерлерге төмен пайыздық несиелер беріледі. Республика бойынша  тек біздің облыста ғана осындай жоба жүзеге асады. Сондықтан, ауылшаруашылық тауар өндірушілер мүмкіндікті пайдаланып бизнесіті дамыту керек.

Ауқымды жобаны іске асыру үшін облысқа тауарлы-сүт ферманы тұрғызумен айналысатын компаниялар қажет.  Жұмыс қолы да қажет болады. Оларды қазірден бастап дайындаған жөн.  Оған қоса, облыс әкімі тұрғын үй  құрылысын да арттыруды тапсырды.  Биыл 340 мың шаршы метр  баспана тұрғызу жоспарланған. Бюджеттік үйлермен қатар, коммерциялық үйлерді де көптеп тұрғызу қажет.  Сондықтан  жұмысшылар тапшылығы мәселесін жаз шыққанша дейін шешу маңызды.  Өнеркәсіп саласына да талап жоғары.

- Өңірдің өнеркәсіп нысандарына тапсырыс көлемін 55 млрд теңгеге дейін жеткізуді тапсырдық.  Алғашқы айдың көрсеткіші жаман емес, жыл соңына дейін айтылған көлемге қол жеткізу керек.    

Жиын барысында зауыттардың басшыларымен өндірістік мәселелер талқыланып,  оларды шешу амалдары қарастырылды. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
17:15, 8 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
Толығырақ...
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
20:37, 24 қыркүйек 2021
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...